Page 21 - Диссертация
P. 21

ресурстарын  басқару  мәселелерін  мемлекетаралық,  мемлекеттік  және  өңірлік
                  деңгейлерде қарастырған.
                         Өзбекстан ғалымдары [82, 83] су ресурстарын интеграцияланған басқару
                  қарастырылып отырған саладағы жергілікті мәселелерді шешудің тиімді тәсілі
                  ретінде бағалайды. Олардың зерттеулерінде Орталық Азия елдері арасындағы
                  су саласындағы ынтымақтастықтың даму болжамдары қарастырылған.
                         Тәжікстан  зерттеушілері  [84,  85]  Орталық  Азияның  экологиялық
                  жағдайын және трансшекаралық суларды әділ әрі тиімді пайдалану мәселелерін
                  зерттеген.
                         Түрікменстандық  зерттеушілердің  еңбектері  саны  жағынан  шектеулі
                  болғанымен,  қолда  бар  ғылыми  жұмыстарда  өңірдегі  шөлейт  және  шөлді
                  аймақтарды сумен қамтамасыз етудің баламалы тәсілдері қарастырылған [86].
                         Қырғызстандық ғалымдар трансшекаралық су мәселелерін кешенді түрде
                  зерттеген алғашқы зерттеушілердің қатарында саналады. Олардың еңбектерінде
                  [87,  88]  негізінен  ауыл  шаруашылығында  су  ресурстарын  тиімді  пайдалану,
                  экономикалық  тиімділік  пен  экологиялық  тұрақтылық  мәселелері  талданған.
                  Соңғы  жылдардағы  зерттеулерде  су  ресурстарын  пайдалануға  байланысты
                  туындайтын  келіспеушіліктерді  реттеу  және  су  саласындағы  өңірлік
                  ынтымақтастықты            күшейту        жолдарына         баса      назар       аударылған.
                  А.В.Чередниченконың зерттеуінде Қазақстан аумағында жаһандық жылынудың
                  әсерінен болатын климаттық өзгерістерге бейімделу жолдары ғылыми тұрғыдан
                  негізделген.  Оның  еңбегінде  аймақтағы  құрғақшылық  кезеңдерінде  де
                  пайдалануға болатын баламалы су көздерін қарастыру мәселесіне ерекше назар
                  аударылған.  Бұл  ретте,  зерттеуші  қолжетімді  конвективті  бұлтты  су
                  ресурстарын  тиімді  пайдалану  мүмкіндігін  ұсынады.  Бұл  тәсіл  судың
                  жетіспеушілігі  жағдайында  тұрақты  су  қорын  қамтамасыз  етуге  бағытталған
                  маңызды стратегия ретінде қарастырылады [89].
                         Қазақстандық зерттеушілердің еңбектері су ресурстарын бірлесіп басқару
                  мәселелерін кешенді түрде қарастырады. Н.Назарбаевтың еңбектерінде [90, 91]
                  Қазақстанның  су  саясаты  егжей-тегжейлі  сипатталған.  Сонымен  қатар,
                  Г.Байқушықова экологиялық қауіпсіздік және оны қамтамасыз етудің әлемдік
                  тәжірибесіне  арналған  зерттеулер  жүргізген  [92].  Орталық  Азиядағы
                  трансшекаралық  өзендерді  басқару  мәселелері  ғылыми  зерттеулерде  кеңінен
                  қарастырылып  келеді.  Бұл  тақырып  аймақтың  су  қауіпсіздігі,  экологиялық
                  тұрақтылығы  және  мемлекетаралық  қатынастары  тұрғысынан  маңызды  рөл
                  атқарады.  Зерттеулерде  су  ресурстарын  әділ  бөлу,  оларды  бірлесіп  басқару
                  және су дипломатиясын дамыту сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады.
                  Сонымен  қатар,  ғалымдар  аймақтағы  трансшекаралық  өзендердің  құқықтық
                  реттелуі  мен  экожүйелік  тұрақтылығын  сақтау  жолдарын  қарастырады.
                  Т.А.Ормышева  өз  еңбегінде  [93]  Орталық  Азия  трансшекаралық  өзендеріне
                  кешенді  талдау  жасап,  ұлттық  және  өңірлік  тәсілдер  негізінде  шешімдер
                  ұсынған.


                                                                 21
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26