Page 23 - Диссертация
P. 23

дипломатиясын  дамыту,  деректер  мен  ақпарат  алмасуды  жақсарту,  сондай-ақ
                  басқару тетіктерін жетілдіру Орталық Азия елдері үшін стратегиялық маңызы
                  бар міндет болып табылады.
                         Дипломатияның әртүрлі бағыттары көптеген мемлекеттерде қолданылады
                  және олардың сыртқы саясаттағы рөліне байланысты өзгеріп отырады [95, 272
                  б.]:
                         Бірінші  бағыттағы  дипломатия  (ресми  келіссөздер)  көбінесе  АҚШ,
                  Қытай,  Ресей,  Қазақстан  сияқты  елдерде  қолданылады,  өйткені  олар
                  халықаралық деңгейде ресми дипломатиялық келісімдер жүргізуде белсенді.
                         Екінші  бағыттағы  дипломатия  (бейресми  келіссөздер)  Германия,
                  Ұлыбритания,  Жапония,  Қазақстан  сияқты  елдерде  жиі  пайдаланылады,  бұл
                  елдерде сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың дипломатияға ықпалы жоғары.
                          «Бір  жарым  жол»  дипломатиясы  (ресми  және  бейресми  тұлғалардың
                  қатысуымен  жүргізілетін  келіссөздер  форматы)  Франция,  Түркия,  Бразилия
                  және Қазақстан сынды елдерде кеңінен қолданылады, өйткені бұл мемлекеттер
                  көпжақты  бейресми  диалог  пен  делдалдық  бастамаларға  белсенді  түрде
                  араласады.
                         Көпжақты  дипломатия  форматы  (халықаралық  ұйымдар  шеңберінде
                  жүргізілетін  дипломатиялық  қатынастар)  БҰҰ,  Еуропалық  Одақ  елдері,
                  Швейцария және Қазақстан сынды мемлекеттерде кеңінен таралған. Бұл елдер
                  көпжақты келіссөздер мен халықаралық институттар алаңында дипломатиялық
                  өзара іс-қимылдың белсенді қатысушылары ретінде танымал.
                         Қазіргі  кезеңде  трансшекаралық  су  ресурстарын  басқару  халықаралық
                  қатынастар  саласындағы  өзекті  және басым стратегиялық бағыттардың біріне
                  айналуда.  Бұл  мәселе,  әсіресе  Орталық  Азия  мемлекеттері  үшін,  тек  табиғи-
                  экологиялық немесе экономикалық мәнге ие болып қана қоймай, сонымен қатар
                  өңірлік  қауіпсіздік  пен  геосаяси  тұрақтылықты  қамтамасыз  етудегі  маңызды
                  саяси фактор ретінде қарастырылады.
                         Дипломатияның  әртүрлі  бағыттары  –  бірінші  бағыттағы  ресми
                  келіссөздерден  бастап  бейресми  диалогтарға  дейін  –  су  мәселесінде  елдердің
                  ұстанымдарын  үйлестірудің  және  мүдделерін  қорғаудың  тиімді  құралына
                  айналуда.  Келесі  1-суретте  көрсетілгендей,  қазіргі  уақытта  Қазақстан  су
                  дипломатиясының  барлық  негізгі  формаларын  қолдануда  –  бұл  елдің  сыртқы
                  саяси  белсенділігін  арттырып,  аймақтық  және  жаһандық  бастамаларға
                  қатысуына жол ашуда.
                         Алайда,  су  дипломатиясы  тетіктерінің  жеткіліксіз  институционалдануы,
                  келіссөздердің  саяси  және  құқықтық  негізінің  әлсіздігі,  сондай-ақ  су
                  ресурстарына  қатысты  халықаралық  серіктестік  пен  өзара  сенімнің  толық
                  қалыптаспауынан  бірқатар  қатерлер  туындап  отыр.  Атап  айтқанда,
                  Қазақстанның дипломатиялық ықпалының әлсіреуі су ресурстары саласындағы
                  шешімдердің  тиімділігіне  кері  әсер  етіп,  елдің  өңірлік  және  халықаралық
                  беделінің төмендеу қаупін тудырады.

                                                                 23
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28