Page 13 - Диссертация
P. 13

мен интеграцияны нығайтудың әлеуетті алаңы болып табылады. Қазақстан бұл
                  процесте үйлестіруші әрі тұрақтандырушы рөл атқаруда.
                         3. Қазақстандағы  су  дипломатиясын  басқару  жүйесінде  құқықтық  және
                  институционалдық  үйлесімсіздіктер  бар.  Зерттеу  нәтижесінде  біртұтас
                  заңнамалық база мен ведомствоаралық үйлестірудің жетіспеуі, сонымен қатар
                  ғылыми-сараптамалық             инфрақұрылымның            әлсіздігі      анықталды.        Бұл
                  кемшіліктерді  жою  Қазақстанға  су  қауіпсіздігін  ұлттық  қауіпсіздікпен
                  байланыстыруға мүмкіндік береді.
                         4. Зерттеу  нәтижесінде  әзірленген  «Қазақстанның  су  дипломатиясының
                  даму  моделі»  –  диссертациялық  жұмыстың  негізгі  ғылыми  жаңалығы  болып
                  табылады.  Бұл  модель  халықаралық  құқық  нормалары,  өңірлік  серіктестік
                  тетіктері  мен  ғылыми-аналитикалық  бағалау  негізінде  жасалған.  Ол  су
                  қатынастарын  көпдеңгейлі,  жүйелі  және  болжауға  негізделген  басқару
                  қағидаттарына сүйенеді.
                         5. Ұсынылған  модель  халықаралық  тәжірибе  мен  өңірлік  жағдайды
                  ұштастыратын          әмбебап        ғылыми         құрал      ретінде       қарастырылады.
                  Модель  БҰҰ  (1997),  UNECE  (1992),  IFAS  және  CAREC  ұйымдарының
                  ұсынымдары  мен  Орталық  Азиядағы  нақты  трансшекаралық  жағдайларға
                  бейімделген.  Ол  Қазақстанның  су  дипломатиясын  жаңғыртуға  және  өңірлік
                  бастамаларды іске асыруға бағытталған.
                         6. Қазақстанның         су    дипломатиясын          күшейту        арқылы       өңірлік
                  көшбасшылық  әлеуеті  артады.  Ұсынылған  модельді  іске  асыру  нәтижесінде
                  Қазақстан  Орталық  Азиядағы  трансшекаралық  су  ресурстарын  басқаруда
                  келіссөз  мәдениетін  қалыптастырып,  бейбітшілікті  нығайтатын  және  тұрақты
                  даму мақсаттарына қол жеткізетін негізгі актор бола алады.
                         Диссертациялық            жұмыстың           теориялық          және      тәжірбиелік
                  құндылықтары.  Диссертациялық  зерттеудің  теориялық  маңызы  –  су
                  дипломатиясы  мәселесін  халықаралық  қатынастардың  қазіргі  теориялық
                  парадигмалары  аясында  қарастыруында.  Жұмыста  су  қауіпсіздігі,  аймақтық
                  ынтымақтастық,  трансшекаралық  ресурстарды  басқару,  геосаяси  тұрақтылық
                  пен  тұрақты  даму  арасындағы  өзара  байланыс  халықаралық  қатынастар
                  ғылымының  заманауи  бағыттарына  сәйкес  жүйелі  талданған.  Зерттеу
                  барысында  ұсынылған  «Қазақстанның  су  дипломатиясының  даму  моделі»
                  қауіпсіздік,  интеграция  және  институционалдық  басқару  принциптеріне
                  негізделе  отырып,  теориялық  үлес  ретінде  бағаланады.  Сонымен  қатар,  су
                  дипломатиясына  қатысты  ұғымдық-терминологиялық  өрістің  кеңейтілуі  мен
                  оның халықаралық құқықтық, экологиялық және саяси өлшемдермен ұштасуы
                  жұмыстың ғылыми жаңалығын арттырады.
                         Зерттеу      нәтижелерінің         практикалық        құндылығы         –    Қазақстан
                  Республикасының  трансшекаралық  су  ресурстарын  басқару  саясатын
                  жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстардың берілуінде. Жұмыста ұсынылған




                                                                 13
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18