Page 15 - Диссертация
P. 15
Диссертациялық зерттеу Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында алдын ала
ғылыми талқылаудан өтіп, ғылыми талаптарға сай деп танылды. Жұмыстың
теориялық қағидалары мен практикалық ұсыныстары ғылыми қауымдастық
арасында оң пікірге ие болды.
Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен тұжырымдары халықаралық
маңызы бар 2 ғылыми конференцияда баяндалып, олардың материалдар
жинақтарында жарияланды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары
білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету
комитеті ұсынған отандық ғылыми журналдарда қазақ тілінде 4 мақала, Scopus
базасына енгізілген шетелдік ғылыми журналда ағылшын тілінде 1 мақала
жарияланған.
Жұмыстың сыннан өтуі мен мақұлдануы диссертациялық зерттеудің
өзектілігін, теориялық тереңдігін және практикалық құндылығын дәлелдейді.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диссертацияның жалпы көлемі – 199 бет. Мұнда 35 кесте және 44 сурет бар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі отандық және шетелдік авторлар
жұмыстарының 268 түпнұсқасынан тұратын ғылыми-техникалық әдебиеттер
тізімін қамтыған.
15