Page 20 - Диссертация
P. 20
Елдер арасында су жеткіліксіз болған кезде, қайшылықтардың себептері
артып, мемлекеттер арасындағы қақтығыстардың тұтануы мүмкін. Су
тапшылығы кезінде елдер арасындағы бәсекелестік күшейеді, соның
нәтижесінде судың қолжетімділігі мен сапасы ұлттық қауіпсіздік немесе ұлттық
мүдде мәселелеріне айналадыү. Мысалы, Гомер-Диксон бұл мәселе бойынша
мынадай қорытынды жасайды: «халықаралық қақтығыстарға әкелуі мүмкін
жаңартылатын ресурс - бұл өзен суы» [62, 9 б.].
Фалкермарк және басқа ғалымдар суға қатысты мәселелер, соның ішінде
қақтығыстар жергілікті және аймақтық деңгейде дамушы елдерде арасында жиі
туындайды деп есептейді, мұнда су адамның негізгі қажеттіліктерінің негізгі
аспектісі болып табылады және жалпы өмір сүру үшін ең маңызды құрал [63].
Жібек жолы елдері арасындағы су мәселелерін қамтамасыз ету мәселесін
олардың еңбектері мен Орталық Азия ғалымдары сипаттайды. Мәселен,
Қазақстанның Дипломатия институтының профессоры Камила Шеръязданова
өз жұмысында «Су болашақта елдер арасындағы саяси сауданың объектісіне
айналуы мүмкін» деген тұжырымға келеді Еуропа елдерінің тәжірибесімен
келіседі» [64].
Орталық азиядағы су ресурстарын басқару және су-энергетикалық
қауіпсіздігі. Су ресурстарын басқару мен су-энергетикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мәселелері бірқатар отандық және шетелдік зерттеушілердің
ғылыми жұмыстарында кеңінен қарастырылған. Зерттеулер негізінен
трансшекаралық су ағындарын ұтымды пайдалану, су ресурстарын әділ бөлу
тетіктерін жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту
мәселелеріне бағытталған.
Су ресурстары экономикалық тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің
негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Дж.Барнетт [65], Г.Дабелко және
Д.Дабелко [66], Г.Принс [67], Р.Каплан [68] еңбектерінде экономикалық
мәселелер ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады және
оларды елемеу әскери қақтығыстарға әкелуі мүмкін екендігі атап өтіледі.
Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану және оны басқару
мәселелері халықаралық деңгейде өзекті болып табылады. Ынтымақтастықты
дамыту мәселелері С.О'Хара [69], С.Маккинни [70], Э.Сиверс [71] еңбектерінде
жан-жақты қарастырылған. Бұл зерттеулерде Орталық Азия өңіріндегі
мемлекетаралық келісімдердің рөлі мен тиімділігі талқыланады. Сонымен
қатар, Арал теңізінің экологиялық апатын зерттеген авторлар [72-75] оның
себептері мен салдарын сипаттай отырып, аймақтың экологиялық және
әлеуметтік тұрақтылығына әсерін анықтаған.
Ресейлік ғалымдар трансшекаралық су ресурстарын басқарудың әртүрлі
аспектілерін зерттеген. Олардың еңбектерінде [76-79] заңнамалық реттеуден
бастап суды соңғы пайдаланушылар деңгейінде тиімді пайдалану мәселелеріне
дейін талдау жасалған. Н.Г.Рогожина [80] және О.А.Бояркина [81] су
20