Page 164 - Диссертация
P. 164
жағдай азаматтардың экономикалық жағдайына және табыс деңгейіне теріс
әсер етуі мүмкін.
Қазіргі таңда Орталық Азия елдері арасында су ресурстары мен
климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді шешу үшін бірлескен әрекеттер мен
өңірлік ынтымақтастықты күшейту қажеттілігі туындап отыр. Бұл тек
экономика мен ауыл шаруашылығына ғана емес, сонымен қатар ұлттық
қауіпсіздікке де тікелей қатысты маңызды міндет болып табылады.
Су дипломатиясы су мәселелерін реттеудің негізгі құралдарының бірі
ретінде қарастырылуы керек. Бұл тек экономикалық және ауыл шаруашылығы
салаларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге ықпал ететін тиімді әдіс. Су мәселелерін шешу үшін елдер арасында тең
әріптестік пен тату көршілік қағидаттарын басшылыққа алу қажет.
Орталық Азия елдері су ресурстарын ұтымды бөлу және басқару
бойынша бірлескен өңірлік құжат әзірлеп, оны іске асыруы қажет. Су
ресурстарын тиімді пайдалану үшін заманауи технологиялар мен инновациялық
шешімдерді енгізу маңызды. Су мәселелері бойынша халықаралық ғылыми
және тәжірибелік серіктестікті дамыту, бұл мәселелерді шешуде әлемдік
тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді.
Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару мен климаттың өзгеруіне
бейімделу мәселелері тек өңір елдерінің ортақ күш-жігері мен үйлесімді әрекеті
арқылы шешіледі. Бұл тұрақтылықты қамтамасыз етудің және аймақтағы
экологиялық дағдарыстардың алдын алудың басты шарты болып табылады.
Бұл ынтымақтастық, өз кезегінде, мемлекеттер арасында туындауы
мүмкін даулар, қақтығыстар немесе шиеленістер жағдайында су ресурстарын
басқару мен пайдалануға қатысты елдер арасындағы бейбіт және тұрақты
ынтымақтастықты қолдауға мүмкіндік береді. Яғни, «Су дипломатиясы»
термині су ресурстары проблемаларын және экологиялық проблемаларды
тереңірек түсінуге, су пайдалану саласындағы келіссөздердің әдістері мен
тәсілдерін меңгеруге, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нақты
жобаларға қатысу тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Су - ХХІ ғасырдағы көптеген елдердің байлығын, әл-ауқатын және
тұрақтылығын анықтайтын ресурс. Су дипломатиясы табиғи, әлеуметтік және
саяси күштер арасындағы өзара әрекеттесулер назардан тыс қалған кезде
туындайтын қақтығыстарды жеңуге мүмкіндік беретін суды басқарудың жаңа
тәсілін ұсынады. Бұл қақтығыстардың негізінде күрделі су желілері жатыр.
Оларды басқаруда ғылымның өзі жеткіліксіз және оның үстіне шешім қабылдау
ғылымның жетістіктерін де ескермейді. Шешімдерге ғылымды, саясатты және
саясаткерлерді біріктіретін келіссөздер немесе дипломатиялық тәсіл арқылы
ғана қол жеткізуге болады [257, 8 б.].
Су дипломатиясының Қазақстандағы маңызы. Қазақстан – Орталық
Азиядағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде, су дипломатиясында маңызды рөл
атқарады. Арал-Сырдария және Іле-Балқаш бассейндері сияқты
164