Page 161 - Диссертация
P. 161
және жер асты сулары сияқты ортақ су көздерін басқарудағы
ынтымақтастықтың тиімді құралы ретінде танылады. Су дипломатиясының
басты мақсаты – су қақтығыстарының алдын алып, мемлекеттер арасындағы
бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту болып табылады [257].
Бұл саладағы негізгі міндеттер:
• трансшекаралық өзендер мен су қоймаларын бірлесіп басқару;
• су ресурстарының тапшылығы мен сапасына байланысты дау-
жанжалдарды бейбіт жолмен шешу;
• халықаралық келісімдер мен құқықтық құжаттарды әзірлеу;
• мемлекетаралық әріптестік пен сенімді нығайту болып табылады.
Қазіргі уақытта су дипломатиясының қажеттілігі бірнеше маңызды
факторлармен анықталады:
• Климаттың өзгеруі, халық санының артуы және ауыл шаруашылығы
мен өнеркәсіптің өсуі салдарынан суға деген сұраныс күрт артуда;
• Әлемде 263-тен астам трансшекаралық өзен-көлдер бар, олар 150-ден
астам мемлекеттің аумағын қамтиды [268];
• Су ресурстарының әділетсіз бөлінуі әлеуметтік және саяси
шиеленістердің алғышартына айналуы мүмкін.
Төмендегі 41-суретте су дипломатиясының қажеттілігін айқындайтын
негізгі себептер көрсетілді.
Сурет 41 - Су дипломатиясының қажеттілік себептері
*Ескертпе – Автор ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су
ресурстары комитенінен алынған ақпарат негізінде жасаған
Бұл диаграмма су дипломатиясын дамытудың маңыздылығын көрсетеді.
161