Page 169 - Диссертация
P. 169
ластануы және климаттың өзгеруі. Ол бұл мәселені қауіпсіздік теориясы
тұрғысынан бағалайды [262].
Кукушкина мен Содиковтың еңбектерінде су келісімдері Орталық
Азиядағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың іргетасы ретінде
қарастырылады. Ғалымдар өңірдегі экологиялық жағдайды тұрақсыз деп
бағалап, су ресурстарын тиімді және әділ бөлуді барлық мемлекеттердің ортақ
мүддесіне негізделген түрде шешуді ұсынады [263].
Гидрогегемония теориясы трансшекаралық су мәселелерін талдаудың
маңызды құралы ретінде қалыптасып келеді. Бұл ұғым алғаш рет Антонио
Грамши [264] ұсынған гегемония идеясына негізделіп, кейіннен Лондон
университетінің Су зерттеулері тобы тарапынан өңделді.
Гидрогегемония – бұл трансшекаралық өзен бассейніндегі су
ресурстарын бақылауға алған мемлекеттің билік жүргізу формасы. Ол «қатты
күш» (military/economic power), «келіссөз жүргізу» (bargaining power), және
«идеялық билік» (ideational power) сияқты үш негізгі құрал арқылы жүзеге
асады [265].
Бұл модель бойынша, гегемон-мемлекет:
• Халықаралық күн тәртібін өз пайдасына қарай бағыттайды;
• Гидрологиялық деректерге эксклюзивті қолжетімділікке ие болады;
• Басқа мемлекеттердің су саясатын шектеп отырады.
Мысалы, жоғарғы ағыс елдерінің артықшылығы (Қырғызстан, Тәжікстан)
географиялық тұрғыдан басым болғанымен, олар әрдайым саяси-экономикалық
гегемон бола алмайды. Себебі, су мәселесінде географиямен қатар халықаралық
қолдау, институционалдық инфрақұрылым, және ақпараттық үстемдік те
шешуші рөл атқарады.
Марк Зейтун мен Дж. Уорнер «гидрогегемония» ұғымын енгізе отырып,
су ресурстарын бақылаудағы үстемдік пен гегемония арасындағы
айырмашылықты нақтылап көрсетеді. Олардың пайымдауынша, үстемдік – бұл
мәжбүрлеуге, яғни «қатты күшке» сүйенетін билік формасы, ал гегемония –
идеологиялық және институционалдық келісімге негізделген «жұмсақ» билік
құралы. Зерттеушілердің пікірінше, су мәселесінде мемлекеттердің ықпал ету
мүмкіндігі халықаралық құқық нормаларынан немесе бейресми су бөлу әдет-
ғұрыптарынан гөрі, нақты күш қолдану немесе стратегиялық артықшылыққа
негізделеді. Мысалы, Түркия мен Қытай өз аймақтарындағы трансшекаралық
өзендердің жоғары ағысында орналасып, гидрогегемон рөлін атқарып келеді
[265, 441 б.].
Орталық Азиядағы жағдайды талдай келе, аймақта су гегемоны деп
атауға болатын нақты мемлекет жоқ екенін байқаймыз. Жоғарғы ағыста
орналасқан Қырғызстан мен Тәжікстан – су ресурстарына бай, алайда
экономикалық тұрғыдан әлсіз елдер. Керісінше, Қазақстан мен Өзбекстан
халық саны мен экономикалық әлеуеті бойынша аймақта көш бастап тұр. Бұл
169