Page 162 - Диссертация
P. 162

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  осыған дейінгі  Реформалар жөніндегі
                  жоғары кеңестің отырысында Орталық Азия аймағында су мәселесі жаһандық
                  проблемаға  айналып  отырғанын  ескерткен  болатын.  Сыртқы  су  ағынының
                  азаюы оны тиімсіз пайдаланудың салдарынан ушығып отырғаны да Мемлекет
                  басшысының назарынан тыс қалмаған [259, 260].
                         Толыққанды  мемлекеттік  су  кадастры  жоқ  екені,   бұл  өз  кезегінде  су
                  ресурстарының  мөлшері  мен  сапасына  мониторинг  жасауға  және  экономика
                  салаларын сумен қамтамасыз ету жөніндегі нақты теңгерімге қол жеткізуге ке-
                  дергі  келтіріп  жүргені  туралы  мәселелер  аз  айтылмайтын.  Суды  пайдалану
                  саласында  ведомствоаралық  үйлестіру  жұмыстарының  нашар  жүргізіліп
                  жатқаны шешімін таппай келе жатқан проблемалардың бірі болап табылады.
                         Суға  байланысты  тәуекелдер  жаһандық  экономикаға  жылына  500
                  миллиард  доллардан  астам  шығын  әкеледі  деген  болжам  бар.  Алдағы
                  онжылдықтарда  су тапшылығының артуы 700  миллионға дейін  адам  тұратын
                  құрғақ  және  жартылай  құрғақ  аймақтардан  мәжбүрлі  көші-қонға  әкеледі,  бұл
                  елдер  арасындағы  шиеленісті  күшейтеді.  Осыған  байланысты  жаһандық  су
                  дағдарысы  он  жылдан  астам  уақыт  бойы  Дүниежүзілік  экономикалық
                  форумның  Жаһандық  тәуекелдер  индексінде  басты  жаһандық  тәуекелдердің
                  бірі  ретінде  анықталды.  Сарапшылар  қауымдастығы  жасаған  болжамда  тұщы
                  сумен  қамтамасыз  етудің  тұрақтылығы  тұрғысынан  біршама  алаңдатарлық
                  белгілер  бар:  2050  жылға  қарай  әлем  халқының  жартысынан  астамы  су
                  тапшылығы  бар  аймақтарда  өмір  сүретін  болады.  Экология,  геология  және
                  табиғи  ресурстар  министрлігінің  Су  ресурстары  комитетінің  мәліметінше,
                  Қазақстанның  трансшекаралық  өзендерге  тәуелділігі  46  пайыздан  асады.  Бұл
                  тәуелділік,  әсіресе,  ауыл  шаруашылығы  экономикасында  үлкен  маңызға  ие
                  оңтүстік өңірлерге қатты әсер етеді. Қазақстандағы 100 км³ өзен ағынының 20
                  км³-ден  астамы  Қытайдан  (Іле  және  Ертіс  өзендері),  14  км³  Өзбекстаннан
                  (Сырдария  өзені),  7  км³  Ресейден  (Жайық  өзені)  және  шамамен  3  км³
                  Қырғызстаннан  (Шу  және  Талас  өзендері)  келеді.  Қазақстан  тәуелсіздігін
                  алғаннан бері бұл елдермен су көлемі мен сапасын реттеуге байланысты жүйелі
                  жұмыс жүргізіп келеді.
                         Аймақтағы су ресурстарын бөлу мәселелері әлі де толық шешімін тапқан
                  жоқ.  Соңғы  жылдары  бұл  мәселенің  күрделене  түскені  байқалады.  Орталық
                  Азияның  су  ресурстарына  бай  елдері  –  Қырғызстан  мен  Тәжікстан
                  трансшекаралық  су  ағындарын  басқару  және  тиімді  пайдалану  қағидаттарын
                  қайта қарау қажеттігін көтеруде. Олар бұл өзендерді мемлекетаралық деңгейде
                  ұтымды  пайдалану  және  қорғау  бойынша  жаңа  шаралар  қажет  деп  санайды
                  [171, 127 б.].
                         Сырдария  бассейнінде  және  бүкіл  Орталық  Азия  аймағында  ең  ірі  су
                  қоймасы  болып  саналатын  Тоқтоғұл  су  қоймасының  жұмыс  режиміне
                  байланысты  қайшылықтар  жалғасуда.  Бұл  қойма  Қырғызстан  аумағында
                  орналасқан  және  оның  қызметі  Қырғызстан,  Өзбекстан  және  Қазақстан


                                                                162
   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167