Page 163 - Диссертация
P. 163
мүдделерімен жиі сәйкес келмейді. Төменгі ағыста орналасқан Өзбекстан мен
Қазақстан үшін су қоймасының ирригациялық режимі тиімді болса,
Қырғызстан энергетикалық режимді пайдалануды жөн көреді.
Су ресурстарын пайдалануда жоғары және төменгі ағыс елдерінің
мүдделері арасында айқын айырмашылық бар. Жоғарғы ағыстағы елдер өз
аумағында пайда болатын су көздерін ұлттық байлық ретінде қарастырса,
төменгі ағыста орналасқан елдер бұл ресурстарды барлық мемлекеттер тең
пайдалануы тиіс ортақ табиғи ресурс деп есептейді.
Қырғызстан үшін су ресурстарын басқару мәселелері ерекше маңызға ие.
Елде келесі қиындықтар өзекті болып отыр:
- Су тапшылығының артуы.
- Жер үсті және жер асты суларының ластануы.
- Су шығындарының шамадан тыс болуы.
- Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы.
- Мемлекетаралық су бөлу мәселелері.
- Халық санының өсуі мен экономиканың дамуынан туындаған су
ресурстарының сарқылу қаупі.
Қырғызстандағы су секторын басқару жүйесіндегі келеңсіздіктер келесі
факторларға байланысты: Су ресурстарын басқару жүйесінің үйлесімсіздігі
мен әлсіздігі. Су көздерін сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі
функциялардың тиімді орындалмауы. Сектораралық байланыстардың
жеткіліксіздігі.
Бұл мәселелерді шешу үшін аймақтық ынтымақтастықты нығайтып, су
ресурстарын ұтымды пайдалану тетіктерін құру қажет. Су ресурстарын
басқарудағы тиімді стратегиялар аймақтағы тұрақтылық пен даму үшін
маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта көптеген зерттеушілер су
ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау мәселесіне алаңдаушылық білдіруде.
Табиғат факторларына байланысты су ресурстарының шешілмеген мәселелері
аймақтық, ішкі және локалдық мәселелердің шешілуіне кедергі келтіріп,
Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы тұрақты даулы мәселеге айналуда
[183, 52 б.].
Қырғызстан әлемдегі бесінші орынға ие, оның су қоры Орталық Азиядағы
жалпы көлемнің 50%-ын құрайды. Тәжікстан әлемде сегізінші орында, оның да
су қоры айтарлықтай үлкен. Бұл су ресурстары елдердің стратегиялық шикізаты
мен ұлттық байлығы болып табылады. Дегенмен, трансшекаралық өзендер мен
су алаптары Орталық Азия мемлекеттері арасында тығыз байланыс орнатады,
сондықтан оларды қоршап, бөгет қою мүмкін емес. Су ресурстары барлық
мемлекеттер үшін ортақ және әділ пайдалануды талап етеді.
БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 2050 жылға қарай Орталық Азиядағы халық
саны 90 миллионға дейін өсетін болады, ал бұл су тапшылығын 25-30% - ға
дейін арттыруы мүмкін. Сонымен қатар, егіншілік үшін пайдаланылатын су
ресурстарына деген сұраныс 2030 жылға қарай 30% - ға артуы ықтимал. Бұл
163