Page 168 - Диссертация
P. 168
әсіресе климаттың өзгеруі, су тапшылығы және экологиялық деградация
жағдайларына жауап беруге мүмкіндік береді.
Жаңашылдық енгізудің негізгі бағыттары:
- Кешенді экожүйелік тәсіл су ресурстарын басқаруда экологиялық
тұрақтылыққа басымдық береді;
- Цифрлық трансформация ашықтық пен сенімді нығайту үшін ортақ
деректер платформаларын қолдануды талап етеді;
- Трансшекаралық әріптестікті дамыту су ресурстарын басқаруда көпжақты
және аймақтық келісімдерді нығайтады;
- Инклюзивтілік арқылы жергілікті қоғамдастықтарды, сарапшыларды
және ұйымдарды шешім қабылдау процесіне тарту маңызды;
- Климаттық өзгерістерге бейімделу трансшекаралық су ресурстарын
басқару стратегияларында климаттық тәуекелдерді ескеруді қажет етеді;
- Бейбітшілік пен сенімді нығайту су дипломатиясын мемлекетаралық
қақтығыстарды шешу және бейбітшілік орнату құралына айналдырады;
- Жасыл экономика мен инновациялар суды тұрақты және тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді.
Су дипломатиясын жаңаша дамыту арқылы біз тек су мәселелерін шешіп
қоймай, аймақтық тұрақтылықты, экономикалық өсімді және экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Бұл бағыттағы инновациялар болашақ
ұрпақ үшін судың қолжетімділігін сақтауға мүмкіндік береді.
4.5 Қазақстанның су дипломатиясы даму моделі
Бұл диссертациялық жұмыста Орталық Азиядағы трансшекаралық су
ресурстарын басқаруда мемлекетаралық ынтымақтастық пен дипломатиялық
тәсілдерді жетілдіру қажеттілігі қарастырылған. Сонымен қатар Орталық
Азиядағы су дипломатиясының әлеуетін сипаттайды. Онда негізгі қақтығыс
факторлары, бейбітшілікті қамтамасыз ететін тетіктер мен өңірлік динамикалар
анықталып, су пайдалануға қатысты мүдделермен байланыстырылған. Бұл
талдау алдын ала болжамдық және болашаққа бағытталған көзқарасқа
негізделіп, тұрақтылықтың көздеріне және ынтымақтастықтың ықтимал
нүктелеріне ерекше назар аударады.
Су қауіпсіздігі мәселесі Орталық Азия мемлекеттері арасындағы
стратегиялық диалогтың маңызды бөлігіне айналып отыр. Аймақтағы
сарапшылар бұл процестегі дипломатиялық, экологиялық және саяси
өлшемдерді бағалауда әртүрлі концептуалды көзқарастар ұсынады.
Сарапшы Г.Ч.Акунова Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан бергі
кезеңінде біртұтас су реттеу механизмін қалыптастыра алмағанын алға тартады.
Оның пікірінше, сыртқы бақылаудың әлсіреуі гидроэнергетикалық теңгерімнің
бұзылуына алып келді [261].
Ресейлік сарапшы Екатерина Борисова су проблемасының өзектілігін үш
негізгі фактормен байланыстырады: халық санының өсуі, қоршаған ортаның
168