Page 157 - Диссертация
P. 157

дәл әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл цифрландыру шаралары суды
                  үнемдеуді кешенді түрде жақсартуға мүмкіндік береді [256].


































                                Сурет 39 - Цифрландырудың суды үнемдеу тиімділігі (%)

                         Орталық  Азия  елдерінде  су  үнемдеуші  технологияларды  енгізу  —
                  аймақтың  ауыл  шаруашылығы,  экономикасы,  экологиясы  және  әлеуметтік
                  тұрақтылығы  үшін  шешуші  тетікке  айналуда.  Су  тапшылығының  күшеюі
                  жағдайында  бұл  шаралар  тек  үнемдеу  құралы  емес,  сонымен  бірге  аймақтың
                  тұрақты даму стратегиясының өзегі болып отыр.
                         Заманауи  ирригациялық  жүйелерді  (тамшылатып,  жаңбырлатып  суару)
                  енгізу  судың  30–40%-ын  үнемдеуге,  ал  егін  өнімділігін  20–30%-ға  арттыруға
                  мүмкіндік  береді.  Бұл  үнемделген  су  көлемі  бұрын  пайдаланылмаған  егіс
                  алқаптарын  суаруға  бағытталып,  суармалы  жерлердің  көлемін  кеңейтуге  жол
                  ашады [255, 42 б.].
                         Суды  үнемдеу  нәтижесінде  фермерлер  мен  кәсіпорындар  судың  өзіндік
                  құны  мен  пайдалану  шығындарын  азайтады.  Су  инфрақұрылымына
                  инвестициялар орта және ұзақ мерзімде өзін-өзі ақтайды, ал өндіріс көлемі мен
                  сапасының  артуы  экспорт  әлеуетін  ұлғайтады.  Ауыл  шаруашылығында  1  м³
                  суға  шаққанда  өнімділік  көрсеткіші  артады.  Артық  су  сіңірілмейтіндіктен,
                  топырақтың тұздануы, батпақтануы және жер асты суларының көтерілуі секілді
                  мелиоративтік  проблемалар  азаяды.  Әмудария  мен  Сырдариядағы  ағынды
                  тұрақтандыру арқылы Арал теңізінің деградациясын тежеуге мүмкіндік туады.
                  Бұл өңірлік экожүйелердің қалпына келуіне жол ашады [221, 82 б.].
                         Су ресурстарын әділ және тиімді бөлу - трансшекаралық шиеленістердің
                  азаюына, көршілес елдер арасындағы сенім мен ынтымақтастықтың нығаюына
                                                                157
   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162