Page 156 - Диссертация
P. 156

істейді. Бұл әдістер су үнемділігін 30–40%-ға дейін арттырады. Қазақстанның
                  оңтүстік  өңірлерінде  көкөніс  және  жемшөп  дақылдары  үшін  енгізілген
                  тамшылатып  суару  жүйесі  суды  орта  есеппен  35%  аз  тұтынуға  мүмкіндік
                  берген [165, 89 б.].
                         Жергілікті  климат,  топырақ  жағдайы  мен  дақылдардың  су  қажеттілігі
                  жөніндегі  деректерді  автоматты  жинау  және  талдау  суару  процесін  оңтайлы
                  жоспарлауға  жол  ашады.  Ақылды  фермерлік  жүйелер  суару  уақытын  нақты
                  анықтау арқылы су шығынын тағы 10%-ға дейін қысқартады [224, 92 б.].
                         Цифрлық технологиялар трансшекаралық өзендерді бірлесіп басқаруда да
                  маңызды рөл атқарады. Әмудария мен Сырдария өзендерінің су деңгейін нақты
                  уақыт  режимінде  өлшеу  арқылы  суды  әділ  бөлу  тетігі  қалыптасады.  Бұл  –
                  Орталық  Азия  елдері  арасында  сенімді  арттырып,  суды  12%-ға  дейін
                  үнемдеудің жолы [225, 17 б.].
                         Цифрлық  спутниктік  мониторинг  топырақтың  тұздануы  мен  эрозиясын
                  анықтауға көмектесіп, мелиорация шараларын дәл бағытта жүргізуге мүмкіндік
                  береді. Мұндай жұмыстар судың ысырабын 8–10%-ға азайтады және топырақ
                  құнарлылығын арттырады [221, 61б.].
                         Автоматтандырылған суару жүйелері – цифрлық шешімдердің ішіндегі ең
                  тиімділерінің  бірі.  Олар  адам  араласуынсыз  жұмыс  істей  отырып,  суару
                  үдерісін  нақты  мөлшермен  жүзеге  асырады.  Бұл  әдіс  суды  25%-ға  дейін
                  үнемдеуге  мүмкіндік  береді  және  судың  тапшылығы  жоғары  аймақтарда
                  таптырмас шешімге айналды [224, 108 б.].
                         Сондықтан, цифрландырудың маңызды бір аспектісі – су тарифтерін әділ
                  қалыптастыру болып табылады. Нақты тұтыну көлемін есепке алу арқылы әділ
                  тариф       жүйесі      енгізіліп,      фермерлер        суды      ұтымды         пайдалануға
                  ынталандырылады.  Бұл  жүйе  су  ресурстарының  экологиялық,  экономикалық
                  және әлеуметтік тұрғыда теңгерімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді [255, 57
                  б.]. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ақылы су пайдалану жүйесі енгізілген,
                  бұл суды үнемдеу мәдениетін қалыптастырады (кесте 33, сурет 39).

                  Кесте 33 - Цифрландыру тиімділігі

                                   Цифрландыру мүмкіндіктері                      Суды үнемдеу тиімділігі, (%)
                    Суды нақты есепке алу                                                      13,6
                    Ақылды суару жүйелері                                                      27,3
                    Деректерді талдау                                                           9,1
                    Топырақ мелиорациясы                                                        7,3
                    Трансшекаралық басқару                                                     10,9
                    Автоматтандырылған суару жүйелері                                          22,7
                    Су тарифтерін әділ қою                                                      9,1

                         Диаграммада  цифрландырудың  суды  үнемдеуге  тигізетін  әсері
                  көрсетілген. Ең жоғары үлес ақылды суару жүйелеріне тиесілі, себебі олар суды



                                                                156
   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161