Page 12 - Диссертация
P. 12
Зерттеу нәтижелері:
• Қазақстанның су дипломатиясын институционалдық тұрғыдан
жетілдіруге;
• трансшекаралық өзендер бойынша келіссөз механизмдерін жүйелеуге;
• халықаралық ұйымдармен әрекеттестікті нығайтуға;
• су қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздікпен үйлестіре отырып басқаруға;
• климаттың өзгеруіне бейімделген су саясатын қалыптастыруға септігін
тигізеді.
Диссертацияда ұсынылған «Қазақстанның су дипломатиясының даму
моделі» өңірлік және халықаралық деңгейде келіссөз процесін оңтайландыруға,
су ресурстарын әділ бөлуге және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
бағытталған кешенді тәсіл болып табылады. Бұл модельді қолдану
Қазақстанның су саясатын стратегиялық тұрғыдан жоспарлауда практикалық
құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негіздері. Зерттеу
жұмысының теориялық негізін халықаралық қатынастар ғылымының
классикалық және заманауи теориялық бағыттарын құрайды. Қазақстанның су
дипломатиясының қалыптасуын, трансшекаралық өзендер бойынша көпжақты
ынтымақтастық үдерістерін, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әсерін кешенді
бағалауға мүмкіндік берді.
Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын бірлесе басқару және
Қазақстанның су дипломатиясын дамыту мәселелері халықаралық қатынастар
ғылымында қауіпсіздік, ынтымақтастық және су ресурстарын басқару
ұғымдары тұрғысынан қарастырылады.
Зерттеу барысында келесі зерттеу әдістеме түрлері қолданылды:
- Салыстырмалы статистикалық анализ;
- Ретроперспивтік әдіс;
- Swot талдау;
- Жүйеленген талдау;
- Конгнитивтік кортирование әдісі;
- Контенкт-талдау.
Зерттеу жұмысының қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары:
1. Су дипломатиясы Қазақстанның халықаралық қатынастардағы
стратегиялық бағыты ретінде қалыптасып келеді. Қазақстан трансшекаралық су
ресурстарын басқару арқылы ұлттық мүддені қорғаумен қатар, өңірлік
тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлес қосуға ұмтылуда. Су саясаты тек
техникалық емес, сонымен қатар геосаяси, құқықтық және дипломатиялық
категория ретінде қарастырылады.
2. Орталық Азиядағы су қатынастары – аймақтық қақтығыстар мен
ынтымақтастықтың тоғысқан кеңістігі. Су мәселелері шекарааралық
келіспеушіліктердің көзі ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық өзара сенім
12