Page 11 - Диссертация
P. 11

Республикасының            су       дипломатиясы           арқылы         осы       көпсалалы
                  ынтымақтастықтағы рөлінің болашағы.
                         Зерттеу пәні – қазіргі геосаяси трансформациялар мен ауыспалы әлемдік
                  тәртіп  жағдайында  Орталық  Азиядағы  трансшекаралық  су  ресурстарын
                  басқаруға қатысты қалыптасқан саяси-дипломатиялық үрдістер және Қазақстан
                  Республикасының  осы  кеңістікте  жүргізіп  отырған  су  дипломатиялық
                  стратегиясының мазмұны, құралдары мен ықпалы.
                         Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  Диссертациялық  жұмыстың  мақсаты  –
                  Қазақстан  Республикасының  су  дипломатиясының  қалыптасуы  мен  даму
                  үдерісін  ғылыми  тұрғыда  зерделей  отырып,  трансшекаралық  су  ресурстарын
                  ұтымды  басқару  саласындағы  стратегиялық  басымдықтарын  анықтау  және
                  болашақ даму перспективаларын негіздеу.
                         Осы  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  келесі  ғылыми  міндеттерді  шешу
                  көзделеді:
                         1. Су дипломатиясы ұғымының теориялық негіздерін, оның халықаралық
                  қатынастар жүйесіндегі орнын және даму эволюциясын талдау;
                         2. Трансшекаралық           өзендерді       басқару       бойынша         халықаралық
                  тәжірибелерді салыстыра отырып, Қазақстан үшін өзекті модельдерді саралау;
                         3. Орталық  Азия  аймағындағы  қазіргі  су-энергетикалық  жағдай  мен
                  трансшекаралық  су  ресурстарын  басқарудағы  мемлекетаралық  қатынастарды
                  талдау;
                         4. Су  ресурстарын  бірлесіп  пайдалану  мен  су  қауіпсіздігін  қамтамасыз
                  етудегі халықаралық ұйымдар мен өңірлік құрылымдардың рөлін анықтау;
                         5. Қазақстанның  су  дипломатиясын  жетілдіру  бойынша  ғылыми
                  негізделген ұсыныстар әзірлеу.
                         Ғылыми жаңашылдығы: Бұл диссертациялық зерттеу Қазақстанның су
                  дипломатиясын дамытуға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар жүйесін
                  ұсынуымен  және  «Қазақстанның  су  дипломатиясының  даму  моделі»  атты
                  интеграциялық  үлгіні  әзірлеуімен  ерекшеленеді.  Зерттеуде  халықаралық
                  құқықтық құжаттар мен аймақтық тәжірибеге сүйене отырып, трансшекаралық
                  су  ынтымақтастығын  жетілдіруге  арналған  7  қағидат  негізінде  стратегиялық
                  бағыттар  кешені  жасалған.  Сонымен  қатар,  «су  дипломатиясы»  ұғымын  ҚР
                  сыртқы  саясатына  нормативтік  деңгейде  енгізу  ұсынылып,  оның  экожүйелік,
                  институционалдық  және  цифрлық  трансформацияға  бейімделу  мүмкіндіктері
                  тұңғыш рет кешенді қарастырылды.
                         Практикалық  маңыздылығы:  Бұл  зерттеу  жұмысының  практикалық
                  маңыздылығы  Қазақстан  Республикасының  су  дипломатиясын  жаңа  деңгейге
                  көтеру  жолында  ғылыми  негізделген  ұсыныстар  әзірлеуінде  жатыр.  Зерттеу
                  барысында  трансшекаралық  су  ресурстарын  басқарудағы  халықаралық
                  тәжірибе  мен  аймақтық  ерекшеліктер  ескеріле  отырып,  Орталық  Азия
                  елдерімен  өзара  тиімді  ынтымақтастықты  қалыптастыруға  бағытталған  нақты
                  тетіктер ұсынылды.


                                                                 11
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16