Page 8 - Диссертация
P. 8

мемлекеттердің аумағынан ағып өтетін трансшекаралық сипатта, ал суармалы
                  егіншілік  пен  энергетика  осы  суларға  тікелей  тәуелді.  Бұл  жағдайда
                  мемлекеттер  арасында  су  ресурстарын  әділ  бөлу  мәселесі  шиеленісті  сипат
                  алып  отыр.  Аймақтағы  су  ресурстарының  80%-дан  астамы  Қырғызстан  мен
                  Тәжікстанның  таулы  бөліктерінде  қалыптасып,  ал  тұтынудың  негізгі  бөлігі
                  Қазақстан,  Өзбекстан  және  Түрікменстан  аумағында  жүзеге  асады.  Бұл
                  трансшекаралық  тәуелділік  өзара  келісім  мен  үйлесімді  саясаттың  маңызын
                  арттыра түседі [14, 15].
                         Сонымен  қатар,  климаттық  өзгерістердің  ықпалымен  судың  булануы,
                  мұздықтардың  еруі,  жауын-шашынның  азаюы  және  шөлейттену  үрдістері
                  күшейіп келеді. Бұл факторлар аймақтың экологиялық тепе-теңдігін бұзып, су
                  ресурстарының табиғи циклдеріне өзгерістер енгізуде [16, 17]. Сарапшылардың
                  бағалауынша,  2050  жылға  қарай  әлем  халқының  көбеюі  және  азық-түлік
                  өнімдеріне  деген  сұраныстың  артуы  су  ресурстарына  түсетін  қысымды
                  шамамен 60%-ға дейін арттыруы ықтимал.
                         Орталық Азияда су қауіпсіздігі өңірлік қауіпсіздіктің ажырамас элементі
                  ретінде  қарастырылуы  қажет.  Бұл  құбылыс  тек  экологиялық  немесе
                  экономикалық          өлшемдермен         шектелмей,         сонымен       қатар      геосаяси
                  тұрақтылықпен         тығыз      сабақтасып        жатыр.      Әлемдік       тәжірибеде       су
                  ресурстарының          тапшылығы         мемлекетаралық          қатынастарға,       көші-қон
                  процестеріне,  азық-түлік  және  энергетикалық  қауіпсіздікке  әсер  ететіндігі
                  дәлелденіп отыр [18, 19].
                         Осыған байланысты Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын
                  ұтымды  басқару  және  Қазақстанның  су  дипломатиясын  ілгерілету  –  тек  су
                  ресурстарының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар
                  өңірлік  тұрақтылық  пен  қауіпсіздікті  нығайтуға  бағытталған  маңызды
                  стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады.
                         Диссертацияның  деректік  негіздері.  Бұл  зерттеудің  дерекнамалық
                  базасы түрлі мазмұндағы және деңгейдегі ресми құжаттар мен мәліметтерден
                  тұрады. Зерттеу тақырыбының кешенді сипаты дереккөздерді бірнеше санатқа
                  бөліп қарастыруды қажет етті.
                         Бірінші топ – Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері
                  арасындағы екіжақты және көпжақты келісімдер мен дипломатиялық құжаттар.
                  Бұл  топқа  трансшекаралық  су  ресурстарын  басқаруға,  су  бөлуге,  өзен
                  ағыстарын бірлесіп реттеуге және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы
                  ынтымақтастыққа арналған үкіметаралық келісімдер, бірлескен декларациялар,
                  меморандумдар  мен  мәлімдемелер  жатады  [20].  Аталған  құжаттар
                  мемлекетаралық  қатынастардың  институционалдық  негіздерін  ашып  көрсетіп,
                  су дипломатиясының заңды-құқықтық базасын сипаттауға мүмкіндік береді.
                         Екінші  топ  –  халықаралық  және  аймақтық  ұйымдардың  су
                  дипломатиясына  қатысты  қабылдаған  құжаттары.  Бұл  топқа  Біріккен  Ұлттар
                  Ұйымы  (БҰҰ),  БҰҰ  Еуропалық  экономикалық  комиссиясы  (UNECE),


                                                                  8
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13