Page 7 - Диссертация
P. 7

КІРІСПЕ

                         Диссертациялық  зерттеудің  жалпы  сипаттамасы:  Орталық  Азия
                  аймағын  бес  посткеңестік  республикалар  (Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан,
                  Түрікменстан және Тәжікстан) құрайды, зерттеу жұмысында өңірдің және оның
                  көршілес  мемлекеттері,  оларға  қауіпсіздіктің  су  ресурстарын  реттеу
                  факторының ықпалы және дипломатиялық тәсілдердің қалыптауы мен дамыту
                  болжамы қарастырылады [1-3].
                         Осы  диссертациялық  зерттеу  жұмысы  Қазақстан  Республикасының
                  қаралып  отырған  аймақтағы  трансшекаралық  су  қатынастары  аясындағы
                  сыртқы  саяси  бағытын,  су  дипломатиясының  қалыптасу  үдерісі  мен  даму
                  динамикасын  кешенді  түрде  зерделеуге  арналған.  Зерттеу  шеңберінде
                  Қазақстанның  тәуелсіздік  жылдарындағы  су  ресурстарына  қатысты  сыртқы
                  саяси  ұстанымдары  мен  көршілес  мемлекеттермен  дипломатиялық  өзара  іс-
                  қимылы тарихи және қазіргі кезең тұрғысынан жүйеленді.
                         Су  дипломатиясын  жүргізудегі  Қазақстанның  тәжірибесі,  аймақтық
                  тұрақтылық  пен  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жолындағы
                  бастамалары,  сондай-ақ  халықаралық  су  құқықтары  мен  өңірлік  келісімдер
                  шеңберіндегі ұстанымдары ғылыми негізде талданды [4-10].
                         Сонымен  қатар,  өңірлік  деңгейде  ынтымақтастықты  жаңа  сапалық
                  деңгейге  көтеру,  су  ресурстарын  бірлесіп  тиімді  пайдалану  мен  оларды  әділ
                  үлестіру механизмдерін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Зерттеу
                  нәтижесі  Қазақстанның  су  дипломатиясын  дамытуға  және  оны  халықаралық
                  құқықтық  нормалармен  үйлестіре  отырып  жетілдіруге  бағытталған  ғылыми-
                  практикалық шешімдер ұсынуға негіз болады.
                         Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі таңда жаһандық сын-қатерлер
                  жағдайында  су  қауіпсіздігі  мәселесі  бұрын-соңды  болмаған  деңгейде  өзекті
                  сипатқа ие болып отыр. Бұл жағдай әсіресе климаттың өзгеруі, халық санының
                  өсуі  және  суға  деген  сұраныстың  артуымен  тығыз  байланысты  [11].  Су
                  ресурстарын  басқарудың  тиімсіздігі,  олардың  ластануы  мен  сарқылуы
                  әлеуметтік, экологиялық және саяси тұрақтылыққа кері әсер етіп отыр. Осыған
                  байланысты су қауіпсіздігін қамтамасыз ету – халықаралық қауымдастық пен
                  ұлттық мемлекеттердің ортақ мақсатына айналуда.
                         Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  анықтамасына  сәйкес,  су  қауіпсіздігі  –  бұл
                  адамзаттың өмір сүруіне қажетті суды тұрақты түрде, жеткілікті көлемде және
                  қауіпсіз  сапада  қамтамасыз  ету  қабілеті,  сонымен  қатар  су  апаттары  мен
                  экологиялық  зияндардан  қорғау  шараларын  қамтитын  кешенді  түсінік.  Су
                  қауіпсіздігі  ұғымы  тек  физикалық  қолжетімділікті  ғана  емес,  сонымен  бірге
                  экожүйелердің  тұрақтылығын,  халықтың  өмір  сүру  сапасын,  әлеуметтік
                  теңдікті және аймақтық ынтымақтастықты да қамтиды [12, 13].
                         Орталық  Азия  өңірінде  бұл  мәселе  ерекше  күрделілікке  ие.  Аймақтағы
                  негізгі  су  артериялары  –  Әмудария  мен  Сырдария  өзендері  бірнеше


                                                                  7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12