Page 113 - Диссертация
P. 113
Қолданыстағы келісімдердің орындалуы бақылаудың әлсіздігінен және
саяси кедергілерден зардап шегеді. Аймақтық деңгейде су ресурстарын басқару
үшін бірлескен заңдық тетіктердің және үйлестірілген әрекеттердің
жетіспеушілігі байқалады. Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерді
басқаруды жақсарту үшін қолданыстағы келісімдерді жаңартып, халықаралық
тәжірибеге сүйенген тиімді механизмдерді әзірлеу қажет [209].
Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерге қатысты қолданыстағы
келісімдер мен ұйымдар проблемаларды толық шеше алмай отыр (кесте 13).
Бұл кесте бойынша су ресурстарын басқарудағы басты мәселе – бірлескен
бақылау мен орындау механизмдерінің әлсіздігі. Ұзақ мерзімді нәтижелерге қол
жеткізу үшін осы келісімдерді жаңарту және халықаралық тәжірибеге
негізделген жаңа құқықтық тетіктерді енгізу қажет.
Кесте 13 - Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерді басқару бойынша
негізгі келісімдер мен тетіктер
Келісім немесе Жыл Мақсаты Қатысушылар Мәселелер мен шектеулер
ұйым
Хельсинки 1992 Трансшекаралық су ағындарын Қазақстан, Аймақтың барлық елдері
Конвенциясы және халықаралық көлдерді Өзбекстан қосылмаған. Қырғызстан
қорғау және пайдалану. мен Түрікменстан
қатысушы емес.
"Су және 1998 Су мен электр энергиясын Қазақстан, Жиі орындалмайды.
энергия" бірлесіп пайдалану және бөлу. Қырғызстан, Тұрақты бақылау
келісімі Өзбекстан, механизмдері әлсіз.
Тәжікстан
Мемлекет 1992 Су ресурстарын пайдалану мен Барлық бес Комиссияның шешімдерін
аралық су қорғауда аймақтық ел елдер толық орындамайды.
шаруашылығы ынтымақтастықты үйлестіру. Саяси даулар комиссияның
комиссиясы тиімділігін төмендетеді.
(МСШК)
Аралды 1993 Арал теңізінің экологиясын Барлық бес Қаржыландырудың
құтқару және экономикалық жағдайын ел жеткіліксіздігі және
халықаралық жақсарту үшін трансшекаралық ынтымақтастықтың
қоры (АКХҚ) өзендерді бірлесіп басқару. әлсіздігі.
Екі жақты Әртүрлі Сырдария мен Әмудария Қазақстан, Орындау деңгейі төмен,
келісімдер бойындағы су ресурстарын Өзбекстан, кейде тек маусымдық
басқару мәселелерінде көрші Қырғызстан қажеттіліктерді шешуге
елдер арасында суармалы бағытталған.
жүйелерді үйлестіру.
Аймақта су ресурстарын басқару бойынша әртүрлі келісімдер мен
бастамалар бар, бірақ олардың көпшілігі нақты механизмдермен және аймақтық
елдердің үйлесімді әрекеттерімен нығайтылмаған. Су тапшылығын жеңілдету
және аймақтық тұрақтылықты сақтау үшін барлық қатысушы елдер арасында
жаңа, міндетті құқықтық тетіктерді енгізу маңызды. Трансшекаралық
өзендердің төменгі ағысында орналасқан мемлекеттер суды тауар ретінде
тануға және жоғарғы ағыстағы елдерде — Қырғызстан мен Тәжікстандағы
113