Page 107 - Диссертация
P. 107
2011 жылғы 22 ақпанда Пекин қаласында Қазақстан мен Қытай үкіметтері
арасында трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау туралы келісімге
қол қойылды. Бұл келісім трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау
жөніндегі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Дегенмен, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелері
бойынша екі ел арасындағы келіссөздер әлі де жалғасуда. Қазақстан мен Қытай
арасындағы трансшекаралық өзендерге қатысты шешімін іздеген мәселелерді
реттеу 2015 жылға жоспарланған еді. Осы жоспардың аясында Қазақстан мен
Қытай Іле және Ертіс трансшекаралық өзендерінің ағысын бағалау бойынша
жобаны аяқтап, 2015-2016 жылдар аралығында осы өзендерді бірлесе
пайдалану және қорғау бойынша келісімге келу белгіленді. Бүгінгі күні екі ел
арасындағы трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастық баяу болса да
оң қарқынмен дамуда. Соның негізінде 2013 жылы Іле өзенінің ең ірі
тармақтарының бірі болып табылатын Қорғас өзенінде бірлесіп салынған
гидроторабы іске қосылған еді. Онда екі тарапқа да бірдей автоматтандырылған
жүйе мен бағдарлама енгізілген. Бұл суды бірлесе есептеуге және тепе-тең
бөлуге мүмкіндік туғызды. Болашақта мұндай гидроторабтарды Қазақстанның
басқа да өзендерінде салу көзделуде.
Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану
және қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту екі елдің
экологиялық және экономикалық мүдделерін ескере отырып, өзара тиімді
шешімдер табуды талап етеді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі екі
елдің ынтымақтастығында маңызды орын алады. Бұл өзендер су ресурстарын
тиімді және әділ пайдалану қажеттілігін туындатады. Қазақстанның су
ресурстарының шамамен 40%-ы көршілес елдерден, соның ішінде Қытайдан
келеді. Бұл жағдай трансшекаралық өзендерді басқаруда екіжақты
келісімдердің маңыздылығын арттырады. 1992 жылы Қазақстан мен Қытай
трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау саласында
ынтымақтастық орнату туралы келіссөздерді бастады. 1998 жылы алғашқы
ресми келіссөздер өтіп, нәтижесінде трансшекаралық өзендер бойынша
бірлескен сараптамалық жұмыс тобы құрылды. Бұл топтың алғашқы отырысы
2000 жылы Алматыда өтті, онда 24 трансшекаралық өзеннің алдын ала тізімі
қаралды. Осы жұмыстың нәтижесінде 2002 жылы екі ел үкіметтері арасында
«Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы
ынтымақтастық туралы» келісімге қол қойылды [191].
2011 жылы Қазақстан мен Қытай «Трансшекаралық өзендер суының
сапасын қорғау туралы» келісімді бекітті. Бұл келісім трансшекаралық өзендер
суының сапасын қорғау, ластануды болдырмау және төтенше жағдайларда
бірлескен әрекеттерді жүзеге асыру сияқты мәселелерді қамтиды.
Дегенмен, трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі әлі толық
шешімін тапқан жоқ. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында
107