Page 104 - Диссертация
P. 104

5)  ҚР  Үкіметі  және  ҚХР  Үкіметі  арасындағы  трансшекаралық  өзендер
                  суларының сапасын қорғау туралы келісім (2011 ж. 22 ақпан, Бейжің).
                         6)  ҚР  Үкіметі  және  ҚХР  Үкіметі  арасындағы  қоршаған  ортаны  қорғау
                  саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2011 ж. 13 маусым, Астана).
                         7) ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Достық»
                  бірлескен ортақ су торабын басқару және пайдалану туралы келісім (2013 ж. 7
                  қыркүйек, Астана).
                         Трансшекаралық  өзендерді  пайдалану  және  қорғау  саласындағы  өзара
                  әрекеттесудің  негізгі  органы  ҚР-ҚХР  Трансшекаралық  өзендерді  пайдалану
                  және  қорғау  жөніндегі  бірлескен  комиссиясы  (Бірлескен  комиссия)  болып
                  табылады.
                         2008  жылы  31  қазанда  Бірлескен  комиссия  ҚР-ҚХР  Ынтымақтастық
                  комитетінің құрамына енгізілді.
                         2003  жылдан  бастап  2015  жылды  қоса  алғанда  тараптар  арасында
                  Бірлескен комиссияның 13мәжілісі өтті.
                         Бірлескен  комиссияның  тең  төрағалары  ҚР  ауыл  шаруашылық  вице-
                  министрі және ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары.
                         Бірлескен комиссия жанында келесі жұмыс топтары құрылған:
                         1)    Бірлескен комиссияның сарапшылар жұмыс тобы (2003 ж.)
                         2)    Трансшекаралық өзендер суларын бөлу жөніндегі негізгі техникалық
                  жұмыстардың  жоспарын  іске  асыру  жөніндегі  ҚР  мен  ҚХР  жауапты
                  органдарының сарапшылар жұмыс тобы (2010 ж.);
                         3)     Қорғас  өзенінің  суын  реттеу  жөніндегі  бірлескен  бақылау
                  комиссиясы (2002 ж.);
                         4)     Сүмбе  және  Қайшыбұлақ  өзендерін  пайдаланужәне  оның  су
                  ресурстарын бөлу жөніндегі тұрақты су комиссиясы (2008 ж.);
                         5)     Қазақстан-қытай  «Достық»  ортақ  су  торабын  пайдалану  жөніндегі
                  біріккен қызметі (2013 г.);
                         6)     ҚР-ҚХР  арасындағы  трансшекаралық  өзендердің  суын  бөлу
                  жөніндегі  келісім  жобасын  талқылау  және  келісу  бойынша  Арнайы  жұмыс
                  тобы (2014 ж.).
                         Бірлескен      комиссияның         шеңберінде        трансшекаралық         өзендердің
                  гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтермен алмасу жұмыстары келесі
                  су бекеттері бойынша жүргізіледі:
                         1)  Ертіс  –  Боран  (ҚР)  –  Наньвань  (ҚХР)  гидро  бекеттері;
                         2) Іле өз. - Добын (ҚР) – Саньдаохэцзы (ҚХР) гидро бекеттері;
                         3) Текес өз. - Текес (ҚР)  – Цзефандацяо (ҚХР) гидро бекеттері.
                         Трансшекаралық  өзендердің  су  ресурстарын  қорғау  мәселесі,  сондай-ақ
                  ҚР-ҚХР  Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  ынтымақтастық  жөніндегі
                  комиссиясы (Комиссия) қызметінің шеңберінде қарастырылады.
                         ҚР  Энергетика  вице-министрі  және  ҚХР  Қоршаған  ортаны  қорғау
                  министрінің орынбасарыаталған комиссияның тең төрағалары болып табылады.


                                                                104
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109