Page 116 - Академикалы? саясат РУС.
P. 116

ауқым әсеріне (economy of scale) қол жеткізе алады. Бұл – бірлескен мемлекеттік
                  сатып алулар немесе үздік тәжірибелермен алмасуға ұқсас тетік, бірақ қаржылық
                  негізделген – мысалы, қалалар арасындағы бірлескен қор құру арқылы жүзеге
                  асырылады.
                        Қазақстан  Республикасының  Цифрлық  даму,  инновациялар  және
                  аэроғарыш  өнеркәсібі  министрлігінің  қолдауымен  бағдарламалық  қамтамасыз
                  етуді  әзірлеу  немесе  цифрлық  жүйелерді  енгізу  шығындарын  ортақ  бөлуге
                  арналған арнайы платформалық алаң құрылуы мүмкін. Мұндай консорциумдар
                  әрбір қала үшін қаржылық тиімділікті арттырумен қатар, өңірлік деңгейде смарт-
                  экожүйелердің үйлесімді дамуына негіз болады.
                        Жалпылай  алғанда,  Smart  City  жобаларын  қаржыландыру  мен  іске  асыру
                  тетіктері тек жекелеген көздерге немесе тәсілдерге тәуелді болмауы керек. Бұл
                  бағытта  Түркістан  қаласы  үшін  қаржыландыру  көздерін  әртараптандыру  –
                  стратегиялық  басымдық  болуы  тиіс.  Яғни,  тек  республикалық  бюджетке  ғана
                  емес,  отандық  және  шетелдік  жекеменшік  капиталға,  сондай-ақ  халықаралық
                  ұйымдардың ұсыныстары мен гранттық мүмкіндіктеріне сүйену қажет.
                        Ұсынылып отырған экономикалық және институционалдық тетіктер Smart
                  City  жобалары  үшін  ұзақ  мерзімді  тұрақты  қаржылық  негіз  қалыптастырып,
                  «Цифрлық  Қазақстан»  бағдарламасында  байқалған  бюджет  тапшылығына
                  байланысты тоқтап қалу қаупін азайтады. Экономикалық өміршеңдік  – смарт-
                  жобалардың табысты және орнықты іске асырылуы үшін шешуші фактор болып
                  табылады.
                        Әлеуметтік құралдар: азаматтардың қатысуы, цифрлық сауаттылық, сенім.

                        Адамға бағдарланған Smart City тұжырымдамасында әлеуметтік компонент
                  негізгі іргетастардың бірі ретінде қарастырылады. Техникалық жағынан жоғары

                  деңгейде  әзірленген  шешімдердің  өзі  тұрғындардың  белсенді  қатысуынсыз,
                  қолдауынсыз  және  сенімінсіз  күтілетін  нәтижеге  жете  алмайды.  Осыған
                  байланысты,  мемлекеттік  реттеу  азаматтардың  белсенділігін  ынталандыруға,
                  цифрлық  сауаттылық  деңгейін  арттыруға  және  қоғам  мен  билік  арасындағы
                  өзара  сенімді  нығайтуға  бағытталған  әлеуметтік  құралдарға  ерекше  назар
                  аударуы тиіс.
                        Ақылды қаланы тек жоғарыдан төменге қарай енгізу парадигмасын қайта
                  қарастырып,  тұрғындармен  бірлескен  басқару  моделіне  көшу  қажет.  Бұл  –
                  азаматтардың пікірін ескеруге, шешім қабылдау процесіне қатысуына және қала
                  өмірінің  цифрлық  трансформациясына  тікелей  ықпал  етуіне  жағдай  жасау
                  дегенді білдіреді.
                        Практикалық тұрғыда бұл – электрондық демократия (е-демократия) және
                  партисипативті басқару тетіктерін енгізуді талап етеді. Түркістан қаласында осы
                  мақсатта  «Smart  Turkestan  –  азаматтардың  қатысуы»  онлайн-платформасын
                  немесе әкімдіктің ресми сайтында жеке бөлім құру ұсынылады. Бұл платформада
                  тұрғындар урбанистік ортаға қатысты өз идеяларын ұсынып, жобаларға дауыс
                  беріп, қолданыстағы смарт-сервистердің сапасы бойынша пікір қалдыра алады.
                        Сондай-ақ,  тұрғындардан  кері  байланыс  жинауға  арналған  мобильдік
                  қосымша  әзірлеу  ұсынылады.  Мысалы,  бұл  қосымша  арқылы  азаматтар
                  бұзылған  құрылғылар  (ақылды  шам,  бағдаршам  және  т.б.)  туралы  хабарлап,

                                                                116
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121