Page 111 - Академикалы? саясат РУС.
P. 111
Сонымен қатар, отандық жетекші қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент)
тағылымдамалар ұйымдастыру немесе жоғары оқу орындарымен академиялық
әріптестік орнату – практикалық және әдіснамалық тұрғыдан пайдалы тәжірибе
болмақ.
Қалалық әкімдіктің негізгі құрылымдарында (көлік, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық, экономика және т.б.) Smart City жобаларына
жауапты арнайы сити-менеджер (Smart City Project Manager) лауазымдарын
енгізу ұсынылады. Бұл кадрлар смарт-бастамалардың ішкі үйлестірушісі және
жобалық топтың жетекшісі ретінде жүйелі басқаруды қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, жобалық командалардың институционалдық әлеуетін
арттыру мақсатында халықаралық ұйымдар (БҰҰ Даму бағдарламасы,
Дүниежүзілік банк) немесе отандық IT-компаниялар тарапынан кеңесшілерді
(менторларды) тарту ұсынылады. Мұндай тәсіл жобалық шешімдердің сапасын
арттырып, тәжірибе алмасуға жол ашады.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, адами капиталдың жетіспеушілігі
Smart City жобаларын жүзеге асыру жолындағы басты тежеуші факторлардың
бірі болып табылады. Мысалы, Түркия қалаларында цифрлық трансформацияны
енгізу барысында геоақпараттық жүйелер және деректерді талдау
салаларындағы кадрлық құзыреттердің төмендігі негізгі проблема ретінде
айқындалған. Ұқсас тәуекелдерді болдырмау мақсатында Түркістанда Smart City
үшін адами капиталды дамытудың орта және ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу
қажет. Ол келесі құрамдастарды қамтуы тиіс, яғни мемлекеттік қызметкерлердің
үздіксіз кәсіби дамуы; – жас IT-мамандарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту
(ынталандырушы гранттар, уақытша жобалар немесе стипендиялық
бағдарламалар арқылы).
Азаматтық қатысу мәселесі жалпы кешенді түрде қарастырылғанымен, бұл
бағытты жергілікті деңгейде де нормативтік-құқықтық тұрғыдан бекіту қажет.
Түркістан қаласының нормативтік актілеріне Smart City бастамалары бойынша
қоғамдық тыңдаулар өткізу, сондай-ақ азаматтардың ұсыныстарын есепке алу
міндеттемесін енгізу ұсынылады.
Мысалы, бейнебақылау жүйелері, экологиялық датчиктер орнату сияқты
ауқымды жобаларды жүзеге асыру алдында тұрғындардың қатысуымен
қоғамдық тыңдаулар немесе онлайн-сауалнамалар ұйымдастыру қажет. Мұндай
тетіктер тұрғындардың пікірін ескеруге және жобаларды қабылдаудың қоғамдық
легитимдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімдігі жанынан цифрлық даму
мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші орган ретінде арнайы кеңес құру
орынды. Кеңес құрамына азаматтық қоғам, кәсіби қауымдастықтар, жоғары оқу
орындары мен тәуелсіз сарапшылар енгізілуі тиіс. Бұл орган Smart City
жобаларының мазмұны мен іске асырылу тетіктеріне сараптамалық баға беріп,
қоғамдық ұсыныстар мен шағымдарды талдау арқылы сапалы кері байланысты
қамтамасыз етеді.
Ұсынылып отырған шаралар Smart City тұжырымдамасын нақты
институционалдық негізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда:
қалалық деңгей басқару құрылымдары мен кадрлық ресурстармен
111

