Page 115 - Академикалы? саясат РУС.
P. 115

мүмкін;
                        -  су  мен  жылуға  арналған  ақылды  есептегіштер  коммуналдық
                  кәсіпорындардың ресурстарын тиімді пайдаланып, шығындарды азайтады.
                        Осы үнем көлемінің белгілі бір бөлігі жүйелерді жаңғырту немесе кеңейтуге
                  қайта  инвестициялануы  мүмкін.  Бұл  мақсатта  энергосервистік  келісімшарттар
                  немесе  үнемділікті  қайта  инвестициялау  (reinvestment  of  savings)  тетіктері
                  қолданылуы мүмкін.
                        Халықаралық  және  отандық  тәжірибелерге  сүйене  отырып,  дұрыс
                  қаржылық модельді қолданған жағдайда көптеген Smart City технологиялары 5–
                  7 жыл аралығында өзінің құнын өтей алады. Осыған байланысты жобаларды іске
                  асыруда тек бастапқы қаржыландыру көзін ғана емес, олардың экономикалық
                  қайтарымдылығын, ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын да қамтамасыз ету
                  басты назарда болуы қажет.
                         Smart  City  жобаларын  тек  құрылыс  немесе  инфрақұрылымдық
                  инвестициялармен  шектеу  жеткіліксіз.  Қалалық  қызметтерді  тиімді  басқару
                  мақсатында  жеке  секторды  күнделікті  операциялық  іс-қимылдарға  да  кеңінен
                  тарту  ұсынылады.  Осыған  орай,  жекелеген  смарт-сервистерді  –  мысалы,
                  датчиктер жүйесі немесе бейнебақылау инфрақұрылымын – аутсорсинг негізінде
                  кәсіби компаниялардың басқаруына беру тиімді тәсіл болып табылады. Мұндай
                  тәжірибе  мемлекеттік  органдардың  ресурстық  жүктемесін  төмендетіп,
                  ұсынылатын қызмет сапасын арттырады.
                        Негізгі  шарт  –  қызмет  көрсету  келісімшарттарында  нақты  нәтижеге
                  бағытталған  көрсеткіштердің  (KPI)  белгіленуі.  Оларға,  мысалы,  техникалық

                  ақауға жауап беру уақыты, жабдықтардың жұмысқа жарамдылық деңгейі және
                  басқа да операциялық тиімділік көрсеткіштері жатады. Бұл – мемлекеттік сатып

                  алулардың нәтижелілігі мен есептілігін арттыруға ықпал ететін тиімді құрал.
                        Сонымен  қатар,  жергілікті  ІТ-бизнес  субъектілерін  қалалық  деректер
                  негізінде  сервистік  шешімдер  мен  қосымшалар  әзірлеуге  ынталандыру  қажет.
                  Бұл  –  қалалық  бюджетке  қосымша  жүктеме  түсірмей,  цифрлық  өнімдердің
                  экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді стратегия. Мұндай тәсіл
                  «қалалық деректер платформасы» тұжырымдамасына негізделеді: қала әкімдігі
                  өз  иелігіндегі  деректерді  ашық  форматта  ұсынады,  ал  стартаптар  мен  ІТ-
                  компаниялар  көлік,  туризм,  экология  салаларында  жаңа  қосымшалар  жасап,
                  олардан жарнама немесе қосымша ақылы функциялар арқылы табыс табады. Бұл
                  өз  кезегінде  инновациялық  қызметтер  нарығын  қалыптастырып,  урбанистік
                  цифрлық шешімдердің сапасын арттырады.
                        Экономикалық  тетіктердің  бірі  ретінде  жергілікті  өзін-өзі  басқару
                  органдары  арасында  ынтымақтастықты  дамыту  ұсынылады.  Бұл  –  бірнеше
                  қаланың  ресурстарын  біріктіру  арқылы  ортақ  смарт-жобаларды  іске  асыруға
                  мүмкіндік  беретін  перспективалы  бағыт.  Түркістан  осындай  ынтымақтастық
                  бастамасына  жетекшілік  етіп,  Қазақстандағы  орташа  қалалар  үшін  бірқатар
                  салалар  (мысалы,  ақылды  көлік,  қоғамдық  қауіпсіздік)  бойынша  «смарт-
                  консорциум» құру бастамашысы бола алады.
                        Консорциум        мүшелері       ортақ      ресурстарды        шоғырландыру         және
                  стандартталған  шешімдерді  тираждау  арқылы  шығындарды  оңтайландырып,

                                                                115
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120