Page 114 - Академикалы? саясат РУС.
P. 114
- қалдықтарды ақылды басқару (SDG 11.6);
- энергия тиімділігі (SDG 7);
- климаттық технологиялар (SDG 13).
Сонымен бірге, Түркістан қаласы екіжақты халықаралық ынтымақтастық
тетіктерін де пайдалануға тиіс. Атап айтқанда, Корея Республикасы тарапынан
Smart City жобалары бойынша технологиялық гранттар тарту, Сингапур немесе
Эстония мемлекеттерінің смарт-шешімдерін Түркістанда пилоттық сынақтан
өткізу арқылы олардың инвестицияларын тарту мүмкіндіктерін қарастыру
қажет.
Бұл бағытта Түркістан қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасының
Үкіметі Smart City бойынша құрылымдалған инвестициялық ұсыныстар пакетін
әзірлеуі тиіс. Мұндай пакетке жобалардың техникалық-экономикалық
негіздемелері, күтілетін әлеуметтік-экономикалық және институционалдық
әсерлер, сондай-ақ ТДМ индикаторларына сәйкестігі жөніндегі дәлелдер кіруі
қажет. Дұрыс құрылымдалған ұсыныстар пакеті халықаралық донорлар
тарапынан қаржыландыру алу мүмкіндігін едәуір арттырады.
Айта кету керек, халықаралық қаржы ұйымдарының ресурстарын тарту тек
тікелей қаржыландырумен шектелмейді. Бұл институттар, әдетте, жобаларды
басқаруға, сатып алу рәсімдерінің ашықтығына, экологиялық-әлеуметтік
жауапкершілік стандарттарына және технологиялық шешімдердің сапасына
жоғары талаптар қояды. Мұндай талаптар жергілікті жобалар сапасының
артуына, басқарушылық мәдениеттің жетілуіне және халықаралық деңгейдегі
стандарттарға бейімделуге ықпал етеді.
Smart City тұжырымдамасы шеңберіндегі бастамаларды іске асыру тек
халықаралық немесе жеке инвестициялар есебінен ғана емес, сондай-ақ
мемлекеттік бюджет қаражаттарын тиімді әрі стратегиялық тұрғыда жоспарлау
арқылы да жүзеге асырылуы тиіс.
Біріншіден, негізгі смарт-бастамаларды орта мерзімді даму бюджетіне
енгізу қажет. Бұл ретте байланыс инфрақұрылымын жаңғырту, білім беру және
денсаулық сақтау мекемелерін IT-жабдықтармен қамтамасыз ету, азаматтарға
арналған қызмет көрсету орталықтарын құру сияқты шығындар даму
бағдарламаларына тұрақты түрде енгізілуі тиіс.
Екіншіден, бюджеттік қаржыландыру нақты және өлшенетін нәтижелермен
байланысты болуы қажет. Яғни, мемлекеттік шығыстарды белгілі бір мақсатты
индикаторлармен ұштастыру ұсынылады. Мысалы, «ақылды жарықтандыру»
жобасына бөлінетін қаржы энергия тұтынуын белгілі бір пайызға қысқарту
(мысалы, SDG 7.3 көрсеткіші бойынша) міндеттемесімен байланыстырылуы
мүмкін. Бұл тәсіл бюджеттік жоспарлау мен орындаушылық тәртіпке
нәтижелілік қағидасын енгізуге жол ашады.
Үшіншіден, smart-жобалардың өзін-өзі қаржылық тұрғыда қамтамасыз ету
мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Қазіргі таңда көптеген «ақылды»
технологиялар шығындарды қысқарту немесе қосымша табыс әкелу арқылы
өзін-өзі ақтай алады. Мысалы:
- ақылды бағдаршамдар көлік ағынын оңтайландырып, жанармай және
уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді – бұл үнем нақты қаржылық мәнге ие болуы
114

