Page 118 - Академикалы? саясат РУС.
P. 118

бағдарламаларды  жаңа  цифрлық  сервистерді,  әсіресе  қалалық  қосымшаларды
                  (мысалы,  Smart  Turkestan)  пайдалану  дағдыларын  қамтитындай  етіп  кеңейту
                  қажеттігі туындап отыр.
                        Мұндай оқытуды Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), тұрғын үй
                  кооперативтері,  қоғамдық  кітапханалар  базасында  ұйымдастыру  орынды.
                  Сонымен  қатар,  қаланың  шеткі  аудандарында  мобильді  цифрлық  сыныптар
                  ашып,  студент-еріктілерді  тарту  арқылы  жергілікті  тұрғындарға  қосымшалар
                  мен  e-қызметтерді  пайдалану  дағдыларын  үйрету  тиімді  құрал  ретінде
                  қарастырылуы мүмкін.
                        Инклюзивтілік қағидатын сақтау – smart-сервистердің барлық әлеуметтік,
                  жас ерекшелігі және тілдік топтарға қолжетімді болуын қамтамасыз ету дегенді
                  білдіреді. Бұл тұрғыда келесі стандарттарды ұстану ұсынылады:
                        –  қалалық мобильдік және веб-қосымшалар кемінде үш тілде (қазақ, орыс,
                  ағылшын) қолжетімді болуы тиіс;
                        –  ресми сайттар көру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімделуі қажет
                  (контрастты нұсқалар, шрифт өлшемін үлкейту опциялары және т.б.);
                        –  ақпараттық  материалдар  егде  жастағы  адамдарға  түсінікті,  қарапайым
                  тілмен дайындалуы тиіс.
                        Мұндай  тәсіл  «ешкім  назардан  тыс  қалмайды»  (leave  no  one  behind)
                  қағидасын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді  және  бұл  Тұрақты  даму
                  мақсаттарының  (ТДМ)  ішінде  SDG  4  (сапалы  білім  беру)  және  SDG  10
                  (теңсіздікті азайту) индикаторларымен тығыз байланысты.
                        Smart City тұжырымдамасының қоғамдық қабылдануы және тұрғындардың

                  сенім  деңгейі  көбіне  ақпараттың  ашықтығы  мен  қолжетімділігіне,  сондай-ақ
                  билік  тарапынан  жүйелі  ақпараттандыру  жұмыстарының  жүргізілуіне  тікелей

                  байланысты.
                        Осы орайда, Түркістан қаласы әкімдігі Smart City стратегиясының орындалу
                  барысы  туралы  тұрақты  негізде  есеп  беріп  отыру  тетіктерін  енгізуі  қажет.
                  Мысалы, Smart Turkestan стратегиясының жүзеге асуы бойынша тоқсан сайынғы
                  есептерде келесі мәліметтер қамтылуы тиіс:
                        –  орнатылған смарт-құрылғылардың (датчиктер, камералар) саны;
                        –  қол жеткізілген үнемдеу көлемі (ресурстар, уақыт, қаражат);
                        –  іске қосылған жаңа сервистер;
                        –  тұрғындар  үшін  нақты  пайда  көрсеткіштері  (кейстік  мысалдармен,
                  сандармен).
                        Бұдан бөлек, Түркістан қаласы  ашық деректер порталын дамытуды қолға
                  алуы  қажет.  Эстония,  Сеул,  Барселона  секілді  қалалардың  тәжірибесі
                  көрсеткендей,  ашық  деректер  форматы  азаматтық  бақылауды  күшейтіп,
                  инновацияларды  ынталандырады.  Түркістанда  келесі  бағыттар  бойынша
                  деректердің жариялануы өзекті:
                          экологиялық жағдай;
                          қоғамдық көлік қозғалысы;
                          қалалық бюджет және қаржы ағымдары;
                          азаматтардан келіп түскен өтініштер мен шағымдар статистикасы.
                        Бұл  деректер  жеке  ақпаратты  қорғау  қағидаларына  сәйкес  өңделіп,

                                                                118
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123