Page 117 - Академикалы? саясат РУС.
P. 117

жедел шешім ұсынуға мүмкіндік алады. Мұндай құралдар азаматтардың Smart
                  City  жобаларына  қатысуын  тек  пассивті  қабылдаушы  рөлінде  емес,  белсенді
                  серіктес ретінде көруге мүмкіндік береді.
                        Түркістанда  «Smart  Turkestan  –  азаматтардың  қатысуы»  атты  онлайн-
                  платформа  (немесе  әкімдік  сайтының  арнайы  бөлімі)  құру  ұсынылады.  Бұл
                  платформа  арқылы  тұрғындар  қалалық  ортаға  қатысты  идеялар  ұсынып,
                  жобаларға  дауыс  беріп,  смарт-сервистер  жұмысына  қатысты  пікір  қалдыра
                  алады. Сонымен қатар, кері байланысқа арналған мобильдік қосымша іске қосу
                  пайдалы  болмақ  –  мысалы,  тұрғындар  істен  шыққан  смарт-шамдар,  төтенше
                  жағдайлар туралы хабарлап, шешімдер ұсыну мүмкіндігіне ие болады.
                        Бұған қоса, Smart City тақырыбындағы қоғамдық форумдар мен хакатондар
                  тұрақты  түрде  өткізіліп  тұруы  қажет.  Оларға  белсенді  азаматтар,  жастар,  ІТ-
                  мамандар  шақырылып,  жаңа  сервистерді  бірлесіп  әзірлеуге  мүмкіндік  берілуі
                  тиіс. Халықаралық тәжірибе мұндай тәсілдердің тиімділігін көрсетуде: мысалы,
                  Еуропа  қалаларында  «тірі  зертханалар»  (living  labs)  құрылып,  тұрғындар
                  қалалық  инновациялардың  прототиптерін  сынап  көріп,  әзірлеушілерге  кері
                  байланыс береді.
                        Түркістанда дәстүрлі қауымдық мәдениеттің сақталғанын ескере отырып,
                  цифрландыру  мәселелері  бойынша  махалла  немесе  квартал  кеңестерін
                  ұйымдастыру  ұсынылады.  Бұл  технологиядан  алыс  тұрғындарды  да  нақты
                  мәселелерді  шешуге  (мысалы,  аула  қауіпсіздігі,  көше  жарығы,  маршруттарды
                  оңтайландыру) тартуға мүмкіндік береді.
                        Азаматтардың  қатысу  деңгейі  неғұрлым  жоғары  болған  сайын,  қала

                  соғұрлым  «гуманитарлық  тұрғыдан  ақылды»  болады.  Себебі  технологияның
                  түпкі  мақсаты  –  барлық  тұрғындардың  өмір  сүру  сапасын  арттыру.  Ал  өз

                  қажеттіліктерін ең жақсы білетін – сол тұрғындардың өздері.
                        Smart  City  тұжырымдамасын  толыққанды  іске  асыру  үшін тұрғындардың
                  цифрлық  технологияларды  тиімді  пайдалануына  жағдай  жасалуы  қажет.
                  Тұрғындар  ақылды  қала  ұсынатын  мүмкіндіктерді  –  онлайн-сервистер,
                  мобильдік  қосымшалар,  деректерге  негізделген  қызметтер,  IoT  құрылғылары
                  және  т.б. –  толық  игеруі  үшін  жалпы  digital literacy  деңгейін  арттыру  міндеті
                  өзекті болып отыр.
                        Осы бағытта  Түркістан қаласы  әкімдігі облыстық білім басқармасы және
                  жоғары  оқу  орындарымен  әріптестік  орната  отырып,  халықтың  әртүрлі
                  әлеуметтік       топтарына        бейімделген        цифрлық        құзыреттерді       дамыту
                  бағдарламаларын  әзірлеуі  тиіс.  Бұл  бағдарламалар  келесі  мақсатты
                  аудиторияларға бағытталуы мүмкін:
                        –  зейнеткерлер  үшін  –  смартфонды  пайдалану  негіздері,  электронды
                  мемлекеттік қызметтерге тіркелу;
                        –  кәсіпкерлер үшін – қаланың ашық деректерін тиімді қолдану және smart-
                  жүйелерге қосылу жолдары;
                        –  мектеп  оқушылары  мен  студенттер  үшін  –  бағдарламалау,  IoT,
                  урбанистика бойынша үйірмелер (болашақ мамандарды даярлау мақсатында).
                        Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету
                  бойынша  бірқатар  мемлекеттік  бастамалар  жүзеге  асырылуда.  Алайда,  бұл

                                                                117
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122