Page 113 - Академикалы? саясат РУС.
P. 113

модель бойынша құрылыс компаниясы тұрғын үй сату арқылы табыс тауып қана
                  қоймай,  сол  жобадан  түскен  кірістің  бір  бөлігін  қала  инфрақұрылымын
                  цифрландыруға бағыттайды – бюджетке қосымша салмақ түсірмей.
                         Қазіргі  уақытта  Түркістан  қаласында  бірқатар  ірі  құрылыс  жобалары
                  (қонақүйлер, сауда орталықтары және т.б.) жеке инвестициялар есебінен жүзеге
                  асырылып жатыр. Осыған байланысты, value capture қағидатын қолдану орынды:
                  девелоперлерді  қала  инфрақұрылымын  цифрландыруға  міндетті  қаржылық
                  қатысуға тарту (мысалы, инфрақұрылымдық төлемдер немесе бірлескен жобалар
                  шеңберінде).
                         Осылайша, МЖӘ және value capture тетіктері мемлекет пен жекеменшік
                  сектор арасында қаржылық жүктемені тең бөлуге, сондай-ақ ресурстарды тиімді
                  пайдалана отырып, жоғары технологияларды жылдам енгізуге мүмкіндік береді.
                        -  Халықаралық  ұйымдардың  тікелей  инвестициялары  мен  гранттық
                  қолдауы.
                        Түркістан қаласының тарихи, мәдени және стратегиялық маңызын ескере
                  отырып,  қалалық  жобаларды  халықаралық  қаржы  ұйымдарының  қолдауы
                  есебінен  қаржыландыру  –  жоғары  әлеуетке  ие  бағыттардың  бірі.  Бұл  ретте
                  Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі (АДБ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму
                  бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК)
                  сияқты халықаралық донорлармен белсенді әріптестік орнату қажет.
                        Аталған ұйымдардың қызметі қалалардың орнықты дамуын және цифрлық
                  трансформацияны қолдауға бағытталған бағдарламалармен тығыз байланысты.
                  Бұл  бағдарламалар  –  Түркістан  қаласының  Smart  City  бастамаларын

                  қаржыландыру  көзі  ғана  емес,  сонымен  қатар  институционалдық  және
                  әдістемелік қолдау көрсететін тұрақты серіктестік алаңы болып табылады.

                        Тиісінше,  әкімдік  деңгейінде  халықаралық  ұйымдарға  арнап  әзірленген
                  инвестициялық ұсыныстар пакетін дайындау орынды: жобалардың техникалық-
                  экономикалық  негіздемелері,  ықтимал  әсер  көрсеткіштері  (соның  ішінде SDG
                  индикаторларымен  байланысы),  институционалдық  құрылымдар  және  іске
                  асыру мерзімі нақты көрсетілуі тиіс.
                        Түркістан  қаласының  стратегиялық  маңыздылығын  ескере  отырып,
                  халықаралық  даму  институттарының  қаржылық  және  сараптамалық  қолдау
                  тетіктерін кеңінен пайдалану – Smart City жобаларын тиімді жүзеге асырудың
                  маңызды бағыты болып табылады. Осы орайда, Дүниежүзілік банк Қазақстанда
                  жалпы  көлемі  500  млн  АҚШ  долларына  дейінгі  қаржыландыруды  көздейтін
                  Smart  Cities  және  Жасанды  интеллект  (AI)  саласына  арналған  арнайы
                  бағдарламаны  іске  қосты.  Түркістан  қаласына  осы  бастамаға  белсенді  түрде
                  қатысып,  өз  жобаларын  гранттық  не  жеңілдетілген  несиелік  қаржыландыруға
                  ұсыну орынды әрі перспективалы бағыт саналады.
                        Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасы болып табылатын
                  U4SSC  (United  for  Smart  Sustainable  Cities)  және  UN-Habitat  секілді
                  бағдарламалар  аясында  Түркістанда  жүзеге  асырылатын  пилоттық  жобаларға
                  сараптамалық  және  қаржылық  қолдау  көрсету  мүмкіндігі бар.  Атап  айтқанда,
                  бұл қолдау түрлері келесі бағыттардағы Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сай
                  келетін бастамаларға бағытталуы мүмкін:

                                                                113
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118