Page 109 - Академикалы? саясат РУС.
P. 109
Кесте 29 – Түркістан облысы деңгейінде МЖӘ механизмдерін Smart City
жобаларына бейімдеу үшін ұсыныстар
Ұсыныс Нақты сипаттамасы
1.МЖӘ-нің арнайы Smart City жобаларына тән ерекшеліктерді
регламентін әзірлеу (технологиялық қауіп, деректермен жұмыс, сервистік
модельдер) ескеретін жеке нормативтік акт немесе
ереже қабылдау
2.Smart сервистерді Мысалы, қоғамдық көлікке арналған цифрлық төлем
аутсорсингке беру жүйелері, ақылды тұрақтар, бейнебақылау жүйелері
жекеменшік операторларға МЖӘ арқылы беріледі
3. Инновациялық жобалар үшін Smart-жобалар үшін пилоттық режимде инвестициялық
жеңілдетілген салықтық және салықтық жеңілдіктерді қарастыру
немесе кедендік режим
4.Жеке инвесторлар үшін Мысалы, «availability payment» моделі – мемлекет жүйе
ұзақмерзімді кепілдендірілген жұмыс істеп тұрғаны үшін ақы төлейді, пайдаланудан
табыс механизмі түскен пайда жеке секторға қалады
5.Деректерді басқару МЖӘ келісімшарттарына деректер қауіпсіздігі мен
шарттарын нақтылау иелігіне қатысты нақты талаптар енгізу қажет
Ескерту- автормен құрастырылған.
Нормативтік база аясында келесілерді қарастыру ұсынылады:
ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңына ақылды
технологияларды енгізуге қатысты толықтырулар енгізу;
«Цифрлық активтер туралы» заң жобасымен үйлестіру;
Түркістан қаласы деңгейінде Smart City инвестициялық хабының
құрылуын нормативтік тұрғыдан бекіту.
Мысалы, қауіпсіздік, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
салаларындағы жобалар үшін тәуекелдер мен пайда бөлінісін нақты көрсететін
үлгілік шарттар әзірленуі тиіс. Оң тәжірибе ретінде «Сергек» бейнебақылау
жүйесін мысал етуге болады: жеке серіктес жабдықтарды өз қаражаты есебінен
орнатса, мемлекет бұл жүйені пайдалану нәтижесінде алынған.
Түркістан қаласында ақылды қала жобаларын тиімді іске асыру мақсатында
мемлекет-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетіктерін жетілдіру қажет. Бұл ретте,
МЖӘ жобалары үшін үлгілік келісімшарттар әзірлеу және келісім жасау
рәсімдерін оңайлату – шарттық қатынастардың ашықтығы мен тиімділігін
арттырады. Мұндай тәжірибе инвесторлар үшін болжамды құқықтық орта
қалыптастыруға және жобаларды іске асыру мерзімін қысқартуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, ақылды жүйелерде қолданылатын жеке деректерді өңдеу
мен сақтауға қатысты жергілікті нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту қажет.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау
туралы» Заңы (2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V) талаптарына сәйкес,
Түркістан қаласы деңгейінде өңірлік құқықтық актілерге толықтырулар енгізу
ұсынылады. Атап айтқанда, смарт-жобалар шеңберіндегі деректерді басқару,
киберқауіпсіздік және дербес деректердің иеленушісі ретіндегі азаматтардың
құқықтарын нақты реттеу қажет.
Бұдан бөлек, инновацияларға құқықтық ортада сынақ жүргізуге мүмкіндік
109

