Page 69 - Диссертация
P. 69

трансшекаралық өзеннің су ресурстары Арал теңізі су тепе-теңдігін қолдаушы
                  көзі болып табылады [167, 97 б.]
                         Біздің аймақтың аумағында ауданы мен сулы қабаты бойынша бір-бірінен
                  ерекшеленетін  бірқатар  тәуелсіз  бассейндерді  ажыратуға  болады  (өзен
                  тасымалдайтын судың мөлшері осылай аталады). Ең алдымен, бұл өңірдің ең ірі
                  су  айдындарына  құятын  өзендер,  барлық  салалары,  көлдері,  су  қоймалары,
                  каналдары-Арал теңізінің, Каспий теңізінің бассейндері және Балқаш көлдері.
                  Оның  үстіне  ешқайда  ағып  кетпейтін  өзендер  де  бар.  Өңірде  орталық  орын
                  алатын  және  оның  өмірінде  үлкен  рөл  атқаратын  Арал  теңізі  бассейнін
                  Сырдарияның  солтүстік  алабы  мен  Әмударияның  оңтүстік  алабы  деп  бөлуге
                  болады. Бірақ, Түркіменстанның Мургаб және Теджен сияқты өзендері дербес
                  бассейндерді құрайды. Сондай-ақ, Шу және Талас өзендерінің және Ыстықкөл
                  көлінің тұйық алаптарын ерекше атап өуге болады. Қырғызстанның тауларында
                  орналасқан бұл әдемі көлдің Орталық Азияның басқа аймақтарына ағысы жоқ.
                  Сонымен,  Орталық  Азияның  су  мамандары  келесі  бассейндерді  ажыратады:
                  Әмудария; Сырдария; Каспий теңізі; Балқаш көлі; Шу, Талас, Ыстықкөл. Осы
                  аталған  бассейндердің  негізгілерін,  яғни,  Әмудария,  Сырдария  мен  Каспийді
                  қарастырып көрелік (сурет 9).












































                      Сурет 9 - Орталық Азиядағы бассейндердің аумағы, жылдық ағыны және
                                                     қатысушы елдер саны

                                                                 69
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74