Page 43 - Диссертация
P. 43

Орталық  Азия  елдері  де  суды  басқаруда  инвестицияларды  тарту  мен  жеке
                  секторды ынталандыруға назар аударуы керек.
                         Сенімді  ақпарат  алмасу  және  ғылыми  зерттеулер.  Ынтымақтастықтың
                  тұрақтылығы үшін нақты және сенімді деректерді жинау мен екі ел арасында
                  тұрақты  ақпарат  алмасу  қажет.  Орталық  Азияда  трансшекаралық  өзендер
                  бойынша бірлескен зерттеулер мен ақпарат алмасу жүйесін дамыту маңызды.
                         Ресей  мен  Финляндия  арасындағы  Вуокса  өзені  бассейніндегі  өзара  іс-
                  қимыл  трансшекаралық  су  ресурстарын  басқарудағы  ең  тиімді  модельдердің
                  бірі  ретінде  қарастырылады.  Бұл  ынтымақтастықтың  табысты  жүзеге  асуына
                  нормативтік-құқықтық реттеу, су ресурстарын әділ бөлу, өтемақы механизмдері
                  және ғылыми негізделген шешімдерді қамтуы арқылы тұрақтылығын дәлелдеді.
                         Осы тәжірибені Орталық Азиядағы су дипломатиясына енгізу – өңірдегі
                  тұрақтылық пен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал етері сөзсіз.
                         Испания  мен  Португалия  арасындағы  Дуэро  өзені  бассейніндегі
                  ынтымақтастық тәжірибесі. Испания мен Португалия – әлемдегі ең ежелгі
                  шекаралардың бірін бөлісетін көршілес мемлекеттер. Пиреней түбегінде бес ірі
                  өзен  бассейні  бар,  олардың  үшеуі  –  Дуэро,  Тахо  және  Гвадиана  –  екі  елдің
                  ортақ  су  ресурстарына  жатады.  Бұл  өзендер  бүкіл  түбектің  шамамен  45%-ын
                  және оның жер үсті мен жер асты су қорының 46%-ын қамтиды. Испания бұл
                  өзендердің  жоғарғы  ағысында,  ал  Португалия  төменгі  ағысында  орналасқан.
                  Сондықтан бұл ортақ су ресурстары екі елдің әлеуметтік, экономикалық және
                  саяси өміріне тікелей әсер етеді [130].
                         Ортақ су ресурстарын басқарудағы тарихи негіздер. Трансшекаралық су
                  ресурстарын  бірлесіп  басқарудың  тарихи  тәжірибесі  ретінде  Испания  мен
                  Португалия  арасындағы  ынтымақтастықты  атауға  болады.  Бұл  екі  мемлекет
                  арасындағы  су  қатынастары  XIX  ғасырдың  соңынан  бастап  халықаралық
                  келісімдер мен құқықтық актілер арқылы институционалдық сипатқа ие болып,
                  жүйелі түрде дамып келе жатыр. Бұл келісімдер бастапқыда гидроэнергетиканы
                  дамытуға  емес,  су  ағынын  бөлуге  басымдық  берді.  Дуэро  өзені,  Испанияның
                  биік  жазықтарынан  басталып,  Португалияның  төменгі  аңғарларына  құятын,
                  Пиреней түбегіндегі ең ірі трансшекаралық өзен бассейні болып саналады. Ол
                  салыстырмалы  түрде  ылғалды  аймақта  орналасқан  және  басқа  өзендермен
                  салыстырғанда тік құламалылығымен ерекшеленеді.
                         1927,  1964  және  1968  жылдардағы  келісімдерде  Дуэро  өзеніндегі
                  гидроэнергетикалық  әлеуетті  екі  елдің  50/50  негізінде  бөлісу  принципі
                  белгіленді. Осы келісімдер негізінде бөгеттер мен су қоймалары салынып, олар
                  гидроэлектр энергиясын өндіру, суару, қалаларды сумен қамтамасыз ету және
                  навигация сияқты түрлі мақсаттарға пайдаланылды [131].
                         Дуэро  бассейніндегі  гидроэнергетиканың  маңызы.  Испания  мен
                  Португалия үшін Дуэро өзені энергетикалық маңызды ресурс болып табылады.
                  Бұл  өзен  арқылы  өндірілетін  электр  энергиясы  Испанияның  барлық
                  генерациясының  21%-ын,  ал  Португалияның  40%-ын  құрайды.  Португалияда


                                                                 43
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48