Page 39 - Диссертация
P. 39

көздерін  ластауға  қарсы  превентивтік  шаралар  қабылдау  қажеттілігі  анық
                  айтылған [120].
                         Қазіргі  кезеңде  трансшекаралық  өзен  бассейндерін  басқару  мен  су
                  ресурстарын тиімді пайдалану - халықаралық қатынастарда ерекше өзектілікке
                  ие.  Себебі,  тұщы  су  табиғи  түрде  жаңартылатын,  бірақ  шектеулі  әрі
                  экологиялық  тұрғыдан  осал  ресурс  болып  саналады.  Сондықтан  оны  сақтау
                  және әділ пайдалану - тұрақты даму мен әлеуметтік-экономикалық өркендеудің
                  негізі [121].
                         Әлемдік  тәжірибе  трансшекаралық  суларды  тиімді  басқару  үшін
                  халықаралық  құқықтық  негіздердің  -  БҰҰ-ның  Конвенциялары,  аймақтық
                  келісімдер  мен  кодекстердің  рөлін  айқын  көрсетеді.  Мысалы,  Рейн,  Дунай,
                  Меконг,  Нил  сияқты  өзендер  бойынша  қабылданған  келісімдер  өңірлік
                  ынтымақтастық пен интеграцияны нығайтты [122].
                         1992  жылғы  Хельсинки  конвенциясы  мен  1997  жылғы  халықаралық  су
                  ағындарын  навигациялық  емес  пайдалану  туралы  БҰҰ  Конвенциясы
                  трансшекаралық  суларды  әділ  және  ұтымды  пайдалану  қағидаттарын  нақты
                  бекітті.  Бұл  құжаттар  су  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудегі  мемлекетаралық
                  келісімдер  мен  құқықтық  нормалардың  маңызын  арттырады  (UNECE,  1992;
                  United Nations, 1997).
                         Бүгінде әлемде 263 халықаралық өзен бассейні бар болса, оның 60%-дан
                  астамы  әлі  де  тиімді  құқықтық  реттеуден  тыс  қалып  отыр  [123].  Бұл  —  су
                  ресурстарын  бірлесіп  басқаруда  келісімдердің  жетіспеуі,  экологиялық
                  тұрақсыздық  пен  саяси  келіспеушіліктерге  себеп  болуы  мүмкін  дегенді
                  білдіреді.
                         Орталық  Азиядағы  Әмудария  мен  Сырдария  бассейндері  мысалында
                  трансшекаралық су ресурстарын басқару мәселелері саяси, экономикалық және
                  экологиялық        мүдделердің        қиылысуымен         ерекшеленеді.        Осы     күрделі
                  мәселелерді  шешуде  халықаралық  құқықтық  тәжірибе  мен  халықаралық
                  ұйымдардың қатысуы — тұрақты даму үшін маңызды шарттардың бірі болып
                  отыр.

                         1.3  Трансшекаралық  су  ресурстары  бойынша  ынтымақтастық:
                  халықаралық тәжірибелер
                         Халықаралық  тәжірибелер  трансшекаралық  су  ресурстарын  бірлесіп
                  басқару мен бейбіт дипломатиялық келісімдер арқылы шешу – қазіргі заманғы
                  жаһандық су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең тиімді жолдарының бірі екенін
                  айғақтайды.  Дуэро,  Колумбия,  Рона  және  Титикака  бассейндеріндегі
                  мемлекетаралық  ынтымақтастықтың  құрылымы  мен  жұмыс  істеу  тетіктері  су
                  қатынастарының  күрделі  сипатына  қарамастан,  диалог  пен  келіссөздердің,
                  құқықтық  тетіктердің  және  институционалдық  механизмдердің  көмегімен
                  тиімді шешімдер қабылдауға болатынын көрсетеді (кесте 3).


                                                                 39
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44