Page 170 - Диссертация
P. 170

жағдай су ресурстарын басқаруда күрделі өзара тәуелділік пен теңгерімді қажет
                  етеді [36, 210 б.].
                         Сыртқы ықпал да елеулі фактор. Ресей мен Қытай секілді ірі державалар
                  да Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерге – Ертіс, Іле және Амудария –
                  қатысты  өз  геосаяси  мүдделерін  іске  асыруда.  Бұл  мемлекеттердің  аймаққа
                  қатысты  сыртқы  саясаты  судың  тек  табиғи  ресурс  емес,  геосаяси  құралға
                  айналғанын көрсетеді [266].
                         Ауғанстан  факторын  да  ескерусіз  қалдыруға  болмайды.  Амударияның
                  бастауы Ауғанстан аумағынан өтеді, ал бұл ел қазіргі кезде Орталық Азия су
                  қатынастарына  формалды  түрде  тартылмағанымен,  285  шақырымдық  Куш-
                  Тепа  каналының  салынуы  аймақтық  экожүйеге  тікелей  әсер  етуде. Өзбекстан
                  мен Түрікменстан үшін бұл су тапшылығының тереңдеуіне алып келуі мүмкін
                  [184, 3 б.].
                         Жағдайды  күрделендіретін  тағы  бір  жайт  –  Орталық  Азиядағы
                  институционалдық           әлсіздік     пен     халықаралық-құқықтық            келісімдердің
                  жеткіліксіздігі. БҰҰ, Дүниежүзілік банк және басқа халықаралық ұйымдардың
                  араласуы – кейбір өңірлік дауларды шешуде тиімді құрал бола алады. Мәселен,
                  Үндістан мен Пәкістан арасындағы Инд өзенін реттеу келісіміне Дүниежүзілік
                  банктің  делдал  ретіндегі  қатысуы  –  осындай  халықаралық  араласудың  тиімді
                  мысалы [122, 20 б.].
                         Су  қауіпсіздігі  мен  гидрогегемонияны  зерттеу  барысында  аймақтағы
                  бейресми  күш  теңгерімдері  мен  келіссөз  мәдениетінің  орны  ерекше.  Қазіргі
                  таңда  Орталық  Азияда  айқын  гегемониялық  ел  болмағандықтан,  өңірдегі  су
                  даулары көп жағдайда келісімсіз немесе тиімсіз пайдалануға ұласып отыр. Бұл
                  жағдай бейбіт, интеграциялық және көпжақты механизмдерді талап етеді.
                         Сондықтан да, Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерді басқару мен
                  су  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  –  аймақтық  тұрақтылықтың,  экологиялық
                  қауіпсіздіктің және саяси сенімнің негізі болуы тиіс. Бұл үшін су дипломатиясы
                  қағидаттарына  негізделген,  көпдеңгейлі,  инклюзивті,  ғылыми  дәлелденген
                  шешімдер қабылдау қажет.
                         Бұл жұмыс су басқару, ынтымақтастық және қақтығыстарға қатысты кең
                  ғылыми  әдебиетке  сүйене  отырып,  халықаралық  су  дипломатиясы  әдісін
                  қолдану үшін арнайы дайындалған алдын ала өңірлік зерттеу болып табылады.
                         Су  дипломатиясын  басқарудағы  құқықтық  және  институционалдық
                  базаның      талдамалы        талдауын       жасар     болсақ      келесідей      мәселерерді
                  қарастыруымыз  қажет.  Қазақстанның  су  дипломатиясы  трансшекаралық  су
                  ресурстарын         басқарудағы        тиімділікті      арттыру       және       халықаралық
                  міндеттемелерді  орындау  мақсатында  қалыптасып  келе  жатқан  сыртқы  саяси
                  бағыттардың  бірі  болып  табылады.  Осы  саладағы  құқықтық  және
                  институционалдық  негіздердің  жүйелі  дамуы  су  қауіпсіздігін  қамтамасыз
                  етудің  алғышарты  болып  саналады.  Дегенмен,  қазіргі  таңда  бұл  бағытта
                  бірқатар жүйелі мәселелер байқалады .


                                                                170
   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175