Page 173 - Диссертация
P. 173

Су дипломатиясы – трансшекаралық су ресурстарының тиімді және әділ
                  бөлінуін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  халықаралық  қатынастардың  кешенді
                  тетігі. Қазақстанның географиялық орны – трансшекаралық өзендердің төменгі
                  ағысында  орналасуы  –  бұл  елдің  сыртқы  саясатында  су  ресурстарының
                  маңыздылығын  арттырып  отыр.  Елдің  су  саясаты  тек  техникалық  немесе
                  экологиялық  емес,  сонымен  қатар  геосаяси,  экономикалық  және  ұлттық
                  қауіпсіздік аспектілерін қамтитын стратегиялық бағытқа айналды.
                         Қазақстан  су  дипломатиясы  дамуының  модельдік  құрылымы  су
                  ресурстарын  басқарудағы  институционалдық,  құқықтық,  аймақтық  және
                  халықаралық  өзара  әрекеттестікті  жүйелі  түрде  үйлестіретін  кешенді  тәсілге
                  негізделеді.  Бұл  модельдің  басты  мақсаты  –  су  саласындағы  саясатты
                  халықаралық стандарттарға сәйкес, көпдеңгейлі басқару жүйесі арқылы тиімді
                  іске асыру.
                         Төмендегі  43-суретте  су  дипломатиясына  қытысты  кешенді    мәселелер
                  басқарудың жеке саласын құрау схемасында қарастырылды.










































                    Сурет 43 - Су дипломатиясы мәселелерін басқарудың жеке саласын құратын
                                                      ерекше үлгі схемасы

                         Бұл суретте су дипломатиясына қатысты мәселелерді тиімді басқару үшін
                  зерттеу  барысында  арнайы  схемалық  құрылым  қарастырылды.  Бұл  схема  су
                  ресурстарына  қатысты  трансшекаралық  қатынастарды  тек  техникалық  немесе
                                                                173
   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178