Page 121 - Диссертация
P. 121
Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты елдеріне
арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ESCAP), Аралды құтқару
халықаралық қоры (IFAS) сынды аймақтық және жаһандық ұйымдар аясында
су ресурстарына қатысты белсенді ұстаным білдіруде. Бұл ұйымдар шеңберінде
Қазақстан су ресурстарының орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету, климат
өзгерісіне бейімделу және су дауларын алдын алу бағытында маңызды рөл
атқарып отыр (ESCAP, 2020) [225].
Қазақстан су дипломатиясын ішкі саясаттан бастап халықаралық деңгейге
дейін кең ауқымда дамытып, трансшекаралық ынтымақтастықтың үлгісін
көрсетіп отыр (сурет 25).
Сурет 25 - Қазақстанның су дипломатиясындағы рөлі мен тәжірибесі
Жоғарыдағы 25-суретте Қазақстанның Орталық Азиядағы су
дипломатиясындағы белсенді қызметін, оның негізгі бағыттары мен
халықаралық бастамаларын көрсетеді:
1. Ішкі реформалар. Су үнемдеу технологиялары. Қазақстан ішкі
деңгейде суды тиімді пайдалану мақсатында тамшылатып суару,
автоматтандырылған жүйелер, және цифрлық су ресурстарын басқару
технологияларын енгізуде. Заңнамалық және институционалдық шаралар. Су
кодексі мен су қауіпсіздігіне қатысты жаңа саясаттар қабылдануда.
2. Екіжақты және аймақтық келісімдер. Өзбекстанмен ынтымақтастық.
Сырдария өзенін бірлесіп басқару, су қоймаларын бірлесе пайдалану,
маусымдық су ағындарын реттеу. Қырғызстанмен өзара әрекеттестік.
Трансшекаралық су объектілерін бірге пайдалану туралы келісімдер.
121