Page 123 - Диссертация
P. 123
Кесте 15 - Су кодексінің негізгі блоктары және олардың мазмұны
Блоктар Мазмұны
I блок Су үнемдеу механизмдерін енгізу және су объектілерін қорғау. «Су
қауіпсіздігі» ұғымы алғаш рет заңнамада бекітілді.
II блок Су ресурстарын басқару тәсілдерін қайта қарастыру: бассейндік басқару
жүйесі, қоғамның кеңінен қатысуы.
III блок Су тасқыны мен су апаттарының алдын алу, жою шараларын күшейту.
IV блок Мемлекеттік бақылауды күшейту, бассейндік инспекцияларға шұғыл әрекет
ету құзыреттерін беру.
V блок Гидротехникалық құрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл құрылым елдің ішкі су саясаты мен сыртқы су дипломатиясының
үйлесімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Су кодексінің су дипломатиясындағы концептуалдық рөлі:
1. Ұлттық мүддені қорғау құралы: Су кодексі арқылы Қазақстан
трансшекаралық су ресурстарын пайдалануда өз егемендігін сақтап,
халықаралық келіссөздерде әділдік пен теңдік принципін ұстануға құқықтық
негіз алады. Су ресурстары тек экономикалық ресурс емес, стратегиялық ресурс
ретінде танылады.
2. Халықаралық құқықпен үйлесімділік: Жаңа кодексте халықаралық
құқық нормаларына, соның ішінде 1992 жылғы Хельсинки Конвенциясы мен
Трансшекаралық сулар туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкестік қарастырылған.
Бұл Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа халықаралық ұйымдар аясындағы су
саласындағы міндеттемелерін орындауға бейілділігін көрсетеді [113, 15 б.].
3. Су дипломатиясының институционализациясы: Кодексте
трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша жауапты мемлекеттік
органдардың өкілеттіктері нақтыланған. Су ресурстары және ирригация
министрлігіне су дипломатиясын жүргізу және халықаралық келісімдердің
орындалуын бақылау міндеті жүктелді. Бұл процесс келіссөздер мен
дипломатиялық диалогтарды нақты құқықтық нормалармен бекітуге жол
ашады.
4. Климаттық бейімделу және келіссөз: Су тапшылығы мен климат
өзгерісі жағдайында трансшекаралық өзендерді бірлесіп басқаруға мүмкіндік
беретін құқықтық тетік жасақталды. Атап айтқанда, су тасқыны, құрғақшылық
және апаттық жағдайлар кезіндегі әрекеттер халықаралық серіктестермен
келісім арқылы үйлестіріледі.
Халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын құқықтық нормалар. Жаңа
кодексте Қазақстанның Орталық Азиядағы су ресурстары жөніндегі
123