Page 126 - Диссертация
P. 126
Қазақстан Республикасының трансшекаралық су ресурстарын
басқарудағы негізгі ұстанымдары мен бағыттары төмендегі 17-кестеде
келтірілген.
Кесте 17 - Қазақстанның Су кодексіндегі трансшекаралық өзендерге қатысты
негізгі бағыттар
Бағыт Мазмұны Ерекшеліктері
Трансшекаралық - Өзендерді басқару көршілес елдермен - Әділ және тең су бөлісу.
өзендерді бірлесіп жүзеге асырылады. - Гидрологиялық және
бірлесе басқару - Басқару барысында халықаралық экологиялық
ұйымдардың қатысуы ескеріледі. ерекшеліктерді ескеру.
- Бассейндік басқару принципі - Халықаралық тәжірибені
қолданылады. пайдалану.
Халықаралық - 1992 жылғы Хельсинки конвенциясына - Қазақстанның
келісімдерге сәйкестік. халықаралық
сәйкестік - Халықаралық құқық нормаларын сақтау. міндеттемелерді орындауы.
- Көршілес елдермен су бөлісу туралы - Тұрақты келіссөздер
келісімдер. жүргізу.
Суды ластау - Ластаушы заттардың өзендерге - Экологиялық
және қорғау ағызылуына қатаң тыйым салу. тұрақтылықты сақтау.
талаптары - Су сапасын халықаралық стандарттарға - Өзендер маңындағы
сәйкестендіру. өндірістік қызметке шектеу
- Санитарлық-қорғаныс аймақтарын құру. қою.
Трансшекаралық - Келіссөздер, медиация, халықаралық - Бейбіт жолмен келісімге
дауларды шешу арбитраж арқылы дауларды бейбіт реттеу. келу.
- Мемлекетаралық су комиссиялары мен - Халықаралық ұйымдардың
жұмыс топтарын құру. қолдауымен шешім
қабылдау.
Экожүйелерді - Өзендер экожүйелерінің тұрақтылығын - Ластануға қарсы шаралар.
қорғау қамтамасыз ету. - Табиғи ортаға зиян
- Аймақтық мониторинг пен бақылау келтірмеу саясаты.
жүйелерін енгізу.
Трансшекаралық өзендерді басқаруға қатысты негізгі халықаралық
ережелердің басты мақсаты – су ресурстарын әділ, тиімді және тұрақты
пайдалану арқылы мемлекеттер арасындағы өзара сенімді нығайту:
• Келісілген басқару механизмдері өзендерді бірлесе басқарудың
құрылымын қалыптастырып, тараптар арасындағы жауапкершілікті нақтылауға
мүмкіндік береді.
• Халықаралық құқыққа сәйкестік мемлекеттердің әрекеттерін
заңдық негізде үйлестіруге жол ашады, әсіресе 1992 жылғы Хельсинки
конвенциясы мен 1997 жылғы БҰҰ конвенцияларының қағидаларына сүйенеді.
• Су сапасын бақылау ластанудың алдын алу, экожүйені сақтау және
халық денсаулығын қорғауға бағытталған нақты шаралар кешенін қамтиды.
126