Page 29 - Диссертация
P. 29

социотехникалық жүйе болып табылады. Мұндай синергия қалалардың ұзақ
                  мерзімді  тұрақты  дамуына  қол  жеткізудің  маңызды  алғышарты  болып
                  есептеледі [57].

                         Кесте  4  –  Тұрақты  даму  мақсаттары  (ТДМ)  контекстіндегі  «ақылды
                  қалалардың» институционалдық алғышарттары

                   Өлшем                   Негізгі мазмұндық блоктар             ТДМ-ға ықтимал үлес
                   Технологиялық           Цифрлық  инфрақұрылым,  IoT,  Ресурстық                 тиімділікті
                                           ашық деректер                         арттыру (ТДМ 9, 12)
                   Институционалдық        Заңнамалық  нормалар,  меншік  Ашық  әрі  есеп  беруші
                                           үлгілері, МЖӘ, MLG тетіктері          институттар (ТДМ 16)
                   Әлеуметтік-             Азаматтардың               қатысуы,  Қауіпсіз      әрі    орнықты
                   экологиялық             инклюзивті               қызметтер,  қауымдастықтар  (ТДМ  11,
                                           экологиялық стандарттар               13)
                   Ескерту – [57–60] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

                        Ұсынылып  отырған  институционалдық  негіз  «реттеуші  үшбұрыш»
                  (technology  –  governance  –  sustainability)  тұжырымдамасын  қалыптастырып,
                  көпдеңгейлі басқару және реттеу тетіктерін әзірлеуге методологиялық базаны
                  ұсынады. Бұл қаңқа келесі үш басқару деңгейінде жүзеге асуы мүмкін:
                        −  Ұлттық деңгейде – стратегиялық мақсаттарды айқындау, халықаралық
                  және ұлттық стандарттарды (мысалы, ISO 37122) енгізу, сондай-ақ фискалдық
                  және құқықтық ынталандыру шараларын қабылдау қажет [57].
                        −  Өңірлік деңгейде – қалаларды «ақылды» әлеуетіне қарай кластерлеу,
                  хабтық  модель  арқылы  құзыреттерді  тиімді  бөлу.  Бұл  ретте  Astana  Hub,
                  Turkistan Hub сияқты бастамалар үлгі бола алады [58].
                        −  Муниципалдық деңгейде – жергілікті нормативтік актілерді жетілдіру,
                  краудсорсингке  негізделген  қоғамдық  бюджеттеу,  цифрлық  қоғамдық
                  кеңестер құру сияқты құралдар ұсынылады [59].
                        Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін «ақылды қала» тұжырымдамасы тек
                  технологиялық  жаңашылдықпен  шектелмейді.  Қалалардың  дамуында
                  әлеуметтік инклюзивтілік пен институционалдық ашықтық сияқты факторлар
                  да    айрықша        рөл     атқарады.      Осы      орайда      4-кестеде      ұсынылған
                  институционалдық  алғышарттар  үш  негізгі  өлшемге  –  технологиялық,
                  институционалдық және әлеуметтік-экологиялық – бөлініп, олардың Тұрақты
                  даму мақсаттарына (ТДМ) үлесі жүйеленген.
                        Бұл үш өлшем өзара біртұтас жүйе ретінде әрекет етеді және олардың
                  әрқайсысы  «ақылды  қала»  дамуының  белгілі  бір  қырын  айқындайды.  Атап

                  айтқанда:
                        −  Технологиялық  негіз  ресурстық  тиімділікті  және  инновациялық
                  шешімдерді қамтамасыз етсе,
                        −  Институционалдық  қабат  билік  пен  қоғам  арасындағы  сенім  мен
                  ашықтықты нығайтады,
                        −  Әлеуметтік-экологиялық  өлшем  инклюзивтілік  пен  өмір  сапасын
                  арттырып, экологиялық жауапкершілікті күшейтеді.

                                                                29
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34