Page 34 - Диссертация
P. 34

5. Жеңіл реттеу тетіктері (soft law). Жеңіл реттеу тетіктері – бұл заңдық
                  міндетті  күші  жоқ,  алайда  қалалардың  цифрлық  дамуына  бағыт  беретін
                  ұсыныстық сипаттағы құжаттар мен бастамалар. Soft law құралдарына ұлттық
                  және  халықаралық  деңгейде  қабылданатын  хартиялар,  нұсқаулықтар,
                  стандарттар мен шеңберлік келісімдер жатады.
                        Мысалы, Германияда «Smart City Charter» – Ақылды қалалар хартиясы
                  қабылданған,  ол  «Ақылды  қалалар  жөніндегі  ұлттық  диалог»  платформасы
                  аясында әзірленіп, цифрлық трансформацияны тұрақты даму қағидаттарына
                  сәйкестендіруді  мақсат  етеді.  Бұл  құжат  заңнамалық  акт  болмаса  да,
                  муниципалитеттер  үшін  стратегиялық  бағдарлама  рөлін  атқарады.  Ол
                  қалаларға  цифрландырудың  мүмкіндіктері  мен  тәуекелдерін  алдын  ала
                  болжауға,  қателікке  жол  бермеуге,  тұрақты  дамуға  бейімделген  шешімдер
                  қабылдауға мүмкіндік береді.
                        Ұқсас soft law құжаттары халықаралық деңгейде де кең таралған. Оларға
                  мыналар жатады:
                        −  ISO  сериялы  халықаралық  стандарттары  (мысалы,  ISO  37120,  ISO
                  37122);
                        −  БҰҰ–ның (ITU/UNECE) индикаторлары;
                        −  G20 Global Smart Cities Alliance аясында ұсынылған «ақылды басқару»
                  қағидаттары.
                        Soft  law  құралдары  ресми  заңнаманы  толықтырып,  этикалық  нормалар
                  мен  үздік  тәжірибелерді  жүйелендіруге  себеп  болады.  Мысалы,  ашық

                  деректерді басқару, азаматтардың құқықтарын қорғау, «цифрландыру әдепі»
                  және «қауіпсіздік әдепі» секілді алдыңғы қатарлы ұстанымдар енгізіледі.
                        Осындай  ұсыныстық  құжаттар  формальды  құқықтық  нормалар
                  бекітілмей  тұрып  қалалық  басқару  құрылымдарына  ғылыми  негізделген
                  бағыттар береді және қалалардың жаһандық тәжірибеге сай дамуына ықпал
                  етеді.
                        Осылайша, ақылды қалаларды мемлекеттік реттеу – күрделі әрі көпқырлы
                  үдеріс.  Ол  міндетті  талаптар  мен  ұсынымдық  нормаларды,  тікелей
                  қаржыландыру  мен  жанама  ынталандыру  тетіктерін,  сондай-ақ  басқару
                  институттарын  реформалау  және  технологиялық  инфрақұрылымды  қолдау
                  шараларын өзара сабақтастыра отырып жүзеге асыруды талап етеді. Бұл ретте
                  орталық назарда адам және қоғамдық игілік тұруы тиіс, өйткені Smart City
                  тұжырымдамасының басты миссиясы – тұрғындардың қажеттіліктерін бірінші
                  орынға  қою.  Ал  ақылды  қаланың  табыстылығын  бағалаудың  негізгі
                  өлшемшарттары  –  қалалық  ортаның  қолайлылығы,  қауіпсіздігі,  тиімділігі
                  және  экологиялық  тұрақтылығы.  Мемлекет  осы  өлшемдердің  нақты  іске
                  асырылуына,  сондай-ақ  енгізілетін  инновациялық  шешімдердің  БҰҰ
                  жариялаған Тұрақты даму мақсаттарынан ауытқымауына жауапты.











                                                                34
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39