Page 33 - Диссертация
P. 33

–  Ведомствоаралық  жұмыс  топтары  мен  әкімшілк  жанындағы
                  цифрландыру кеңестері;
                        –  Қалаларда  Chief  Digital  Officer  секілді  жауапты  тұлғаларды
                  тағайындау;
                        –  Мемлекеттік  басқарудың  әртүрлі  деңгейлері  арасындағы  үйлестіруді
                  қамтамасыз ету;
                        –  Smart city саласына қажетті мамандар даярлау;
                        –  Мемлекеттік қызметкерлерге арналған цифрлық құзыреттерді дамыту.
                        Мұндай  тетіктер  стратегиялық  басқару  мен  іске  асыру  сапасын
                  қамтамасыз етеді.
                        Алайда, институционалдық инерция – яғни жаңашылдықтарға қарсыласу
                  және ескі құрылымдарға бейімделу – реформалар мен цифрлық жобалардың
                  тиімділігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан мемлекет басқару институттарын
                  жаңғыртып,  инновациялық  мәдениетті  орнықтыруға,  «цифрлық  әдеп»
                  қағидаттарына  негізделген  рәсімдерді  енгізуге,  персоналдың  біліктілігін
                  арттыруға және ведомствоаралық өзара әрекетті нығайтуға міндетті.
                        4.  Технологиялық  тетіктер.  Технологиялық  тетіктерге,  ең  алдымен,
                  техникалық  шешімдерді  стандарттау,  архитектуралық  жобалау  және
                  біріздендірілген  платформаларды  қалыптастыру  кіреді.  Мемлекет  «Заттар
                  интернеті» (IoT) құрылғыларының өзара үйлесімділігіне қатысты техникалық
                  стандарттарды  қабылдап,  «Қауіпсіз  қала»  сияқты  бірыңғай  қалалық
                  платформаларды іске қоса алады. Сонымен қатар, әртүрлі қалалық жүйелер

                  арасындағы  байланыс  пен  деректер  алмасуды  қамтамасыз  ету  тетіктерін
                  жетілдіру – ақылды қалалардың тиімділігіне тікелей әсер ететін факторлардың
                  бірі.
                        Технологиялық  инфрақұрылым  –  кеңжолақты  интернет  желілерінен
                  бастап,  5G  технологиялары  мен  деректерді  өңдеу  орталықтарына  дейінгі
                  кешен  –  ақылды  қалалардың  техникалық  негізін  құрайды.  Аталған
                  инфрақұрылым цифрландыру үдерістерінің орнықты және кең көлемде жүзеге
                  асуына  алғышарт  болады.  Мемлекеттің  технологиялық  саясаты  сондай-ақ
                  ашық деректердің (Open Data) әзірлеушілерге қолжетімділігін қамтамасыз ету,
                  электрондық үкіметтің ұлттық шлюздерін (мысалы, eGov) кеңінен пайдалану
                  және  ақпараттық  жүйелерді  интеграциялау  бағыттарын  қамтиды.  Осы
                  құралдар  сервистердің  үздіксіз  жұмысын,  мемлекеттік  және  жеке  сектор
                  арасындағы  өзара  байланыс  тиімділігін,  сондай-ақ  деректерге  негізделген
                  басқару жүйесінің құрылуын қамтамасыз етеді.
                        Бірыңғай  технологиялық  архитектура  жобалардың  фрагменттелуін
                  болдырмайды және шешімдердің масштабталуын қамтамасыз етеді. Мысалы,
                  Smart City  референс-моделін және  KPI-индикаторлар жиынтығын  қабылдау
                  қалалар  үшін  цифрлық  бастамаларды  жоспарлау  мен  бағалауда  ортақ
                  ұстанымдарды қалыптастырады.
                        Қазақстанда  2019  жылы  «Ақылды  қалалардың  эталондық  стандарты»
                  бекітіліп,  ол  смарт-жобалардың  құрылымын  біріздендіруге  және  ұлттық
                  деңгейде үйлесімділікті арттыруға бағытталды [73].



                                                                33
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38