Page 27 - Диссертация
P. 27

-  Smart  city  тұжырымдамасында  тұрақты  дамудың  өзектілігінің
                  жеткілікті  ескерілмеуі.  Ақылды  қала  мен  тұрақты  даму  байланысы
                  декларативті түрде мойындалғанымен, тәжірибеде технологиялық бастамалар
                  көбінесе  тиімділік  немесе  имидждік  факторлармен  негізделеді,  ал
                  экологиялық және әлеуметтік мақсаттар шеткері қалып отыр. Осы ретте «smart
                  sustainable  city»  тұжырымдамасын  орталықтандыратын  теориялық  тәсілдер
                  қажет – мұнда тұрақты даму смарт-қаланың негізгі мақсатына айналуы тиіс.
                  Әйтпесе, smart city тар технократиялық жүйеге айналып, ТДМ қағидаттарынан
                  алшақтайды.
                         -  Шағын  қалалар  мен  институционалдық  әлеуетті  зерттеу  кемшілігі.
                  Қазіргі ғылыми әдебиет негізінен ірі мегаполистерге бағытталған, ал шағын
                  және  орта  қалалардың  ресурстық,  кадрлық  және  институционалдық
                  шектеулері назардан тыс қалып отыр. Жергілікті әкімдіктерде кадрлық және
                  басқарушылық  әлеуеттің  төмендігі,  әсіресе,  дамушы  елдерде  «ақыл-ойдың
                  сыртқа  кетуі»  мәселесімен  ұштасып, smart  city жобаларының  тиімді жүзеге
                  асуына кедергі келтіреді. Бұл бағытта ресурстарды бірлесе пайдалану, кезең-
                  кезеңмен смарт-өсу үлгілері сынды теориялық және қолданбалы модельдер
                  жетіспейді.
                         -  Қалалық  басқарудағы  жаңа  технологияларды  (ЖИ,  5G,  блокчейн)
                  реттеу  үлгілерінің  болмауы.  Smart  city  2.0/3.0  тұжырымдамалары  жасанды
                  интеллект, 5G, блокчейн, IoT сияқты жаңа технологияларға негізделіп дамып
                  келе жатқанына қарамастан, оларды құқықтық және этикалық тұрғыда реттеу

                  механизмдері ғылыми түрде (құқұықәлі толық қалыптаспады. Мысалы, ЖИ
                  шешімдерінің         әділеттілігі,      5G      желілерінің        қауіпсіздігі,      смарт-
                  келісімшарттардың  құқықтық  мәртебесі  сияқты  мәселелерге  қатысты  тұтас
                  теориялық  негіз  әзірге  жоқ.  Бұл  олқылықтар  smart  city  басқару  моделінің
                  келесі буынына көшу үшін аса өзекті.
                         Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге жүргізілген талдау қазіргі
                  уақытта  «ақылды  қалаларды»  Тұрақты  даму  мақсаттары  (ТДМ)  аясында
                  ғылыми  дискурста  әлі  де  әдіснамалық  қалыптасу  сатысында  тұрғанын
                  көрсетеді.  Халықаралық  зерттеулерде  smart  city  және  smart  governance
                  ұғымдарына қатысты базалық теориялық аппарат қалыптасқан. Атап өтетін
                  болсақ  олардың  құрылымдық  компоненттері  жүйеленіп,  артықшылықтары
                  мен ықтимал тәуекелдері жіктелген. Дегенмен, бұл еңбектерде ақпараттық-
                  коммуникациялық  технологиялар  (АКТ)  тұрақты  дамудың  құралы  ретінде
                  қарастырылғанымен,  оны  қамтамасыз  ететін  жалғыз  тетік  ретінде
                  мойындалмайды. Тұрақтылыққа қол жеткізу үшін тиімді институционалдық
                  негіздер,  саяси  ерік-жігер  және  азаматтық  қоғамның  белсенді  қатысуы
                  шешуші  факторлар  ретінде  алға  тартылады.  Осыған  сәйкес,  «ақылды
                  қалаларды» басқарудың қағидаттары мен құрылымдық элементтері ғылыми
                  әдебиетте  көбіне  теориялық-концептуалдық  деңгейде  ғана  зерделенгені
                  байқалады.  Сонымен  қатар,  құқықтық  реттеу  модельдері,  көпдеңгейлі
                  институционалдық өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ смарт-жобаларды ТДМ
                  күн тәртібіне кіріктірудің нақты құралдары халықаралық ғылыми еңбектерде
                  де,  отандық  зерттеулерде  де  жеткілікті  түрде  талданбаған.  Қазақстандық

                                                                27
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32