Page 96 - Академикалы? саясат РУС.
P. 96
алдын ала қылмысты болжау (predictive policing) жүйелері немесе бейнебақылау
құрылғылары әлеуметтік тұрғыда осал топтарды шамадан тыс жиілікпен
нысанаға алады [130].
Осыған байланысты, деректермен жұмыс істеу этикасын қамтамасыз ететін
әдістемелік механизмдерді алдын ала көздеу маңызды. Data justice қағидаттарын
енгізу дегеніміз – мәліметтерді пайдалану ашықтығын қамтамасыз ету,
азаматтарды деректерді өңдеу ережелерін қалыптастыру процесіне тарту, жеке
ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету және цифрлық теңсіздікке жол бермеу
дегенді білдіреді. Қаланың әрбір тұрғыны өзі туралы қандай мәліметтер
жиналып жатқанын және олардың қандай мақсатта қолданылатынын бақылауға
нақты құқық пен мүмкіндікке ие болуы тиіс. Бұл тұжырым ТДМ 16-мақсатымен
– тиімді, есеп беретін және инклюзивті институттарды дамыту, қоғамның
ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын қамтамасыз ету міндетімен – тікелей
байланысты.
Жалпылай алғанда, «ақылды қаланы» мемлекеттік реттеудің теориялық-
әдіснамалық негізі қазіргі заманғы бірқатар әдістердің синтезіне сүйенеді. Олар:
smart governance – азаматтардың қатысуымен басқаруды цифрлық
трансформациялау;
multi-level governance – биліктің барлық деңгейлері мен мүдделі
тараптарының үйлесімді өзара іс-қимылы;
SDG-бағдарлы тәсіл – мемлекеттік саясатты жаһандық тұрақты даму
мақсаттарымен өзара сәйкестендіру;
data justice – деректермен әділетті және этикалық жұмыс жүргізу.
Осындай кешенді әдіснамалық негіз қалаларды тек технологиялық
жаңғыртумен шектелмей, тұрақты, инклюзивті және әділ даму бағытына
негізделген мемлекеттік реттеу тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
SDG-бағдарлы Smart City моделіне көшуді қамтамасыз етуге бағытталған
келесідей ғылыми-практикалық ұсыныстар келтіріледі (кесте-23):
1. Интеграцияланған бақылау-талдау платформасын (Situational Center)
құру. Заманауи қалалардың су, энергия, көлік, қоғамдық қауіпсіздік және
әлеуметтік салаға қатысты деректері бірыңғай Data Lake қоймасына біріктірілуі
тиіс. Коммуналдық кәсіпорындар мен әкімдіктің салалық бөлімдері ашық API-
интерфейстер арқылы осы экожүйеге қосылып, деректер нақты уақыт режимінде
дашбордта визуалданады. Бұл шешім кибер-физикалық жүйелер теориясы мен
дәлелді басқару (evidence-based public management) қағидаттарына негізделеді,
себебі әрбір басқару актісі эмпирикалық ақпаратпен расталады.
2. Көпдеңгейлі басқару архитектурасын институционалдандыру – Smart
City дамуының ұйымдастырушылық негізі ретінде, ақылды қалаларды
басқарудың тиімділігін арттыру үшін көпдеңгейлі басқару архитектурасын
институционалдандыру қажет. Бұл тұрғыда қалалық деңгейде тұрақты негізде
жұмыс істейтін Smart City Office құрылып, ол өз қызметін облыстық және ұлттық
үйлестіру кеңестерімен тікелей байланыста жүзеге асыруы тиіс.
Мұндай құрылым қалалық, өңірлік және республикалық деңгейдегі негізгі
көрсеткіштер (KPI) арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету үшін метрикалық
матрица негізінде жұмыс істеуі қажет. Бұл матрица вертикальды (деңгейаралық)
96

