Page 91 - Академикалы? саясат РУС.
P. 91

жобаларға  нақты  бағытталған  шығындар  бағаны  көрсетілмеген.  Бұл
                  ашықтықтың төмендігін және тиімді жоспарлау мен мониторингтің жоқтығын
                  білдіреді.
                        Түркістан  қаласындағы  смарт-қала  бастамаларын  қаржыландыру  мен
                  инвестиция  тарту  деңгейінің  төмендігі  –  жүйелі  институционалдық  және
                  экономикалық шектеулерге байланысты. Қаржы тапшылығы, МЖӘ тетіктерін
                  пайдаланудың әлсіздігі, халықаралық серіктестіктермен байланыстың жоқтығы
                  және  бюджеттік  ашықтықтың  болмауы  –  Smart  City  стратегиясының  баяу
                  жүруінің  басты  себептері.  Осы  бағыттағы  кемшіліктерді  жою  үшін  арнайы
                  қаржыландыру бағдарламаларын қабылдау, жеке секторды ынталандыру, ашық
                  бюджеттік  жүйелер  енгізу  және  халықаралық  ұйымдармен  кооперацияны
                  дамыту қажет.
                        Төртіншіден,  ақпараттандыру  және  ашық  деректермен  қамтамасыз  ету
                  деңгейі.  Смарт-қаланы  дамытуда  тұрғындардың  хабардарлығы  мен  ақпаратқа
                  еркін  қол  жеткізуі  –  табыстың  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып  саналады.
                  Ақпараттандыру  мен  ашық  деректерге  қолжетімділік  мемлекеттік  басқарудың
                  ашықтығы мен есептілігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге тұрғындардың
                  цифрлық бастамаларға қатысуын қамтамасыз етеді.
                        Алайда  Түркістан  қаласында  бұл  бағытта  бірқатар  жүйелі  проблемалар
                  анық  байқалады.  Ең  алдымен,  тұрғындар  арасында  «ақылды  қала»  жобалары
                  туралы  ақпараттың  тапшылығы  сезіледі.  Бұл  –  ақпараттандыру  саясатының
                  әлсіздігі  мен  тұрғындармен  кері  байланыстың  жеткіліксіздігін  көрсетеді.
                  Мысалы,  Түркістан  қаласында  іске  қосылған  eTurkistan  мобильді  қосымшасы

                  бастапқыда  цифрлық  сервистер  хабы  ретінде  ұсынылғанымен,  оның  қазіргі
                  жағдайы,  мазмұны  мен  техникалық  қолдауы  нашар  деңгейде  [125].  Көптеген

                  тұрғындар  бұл  қосымшаның  бар  екенінен  бейхабар  немесе  оны  пайдалануға
                  ыңғайлы  емес  деп  есептейді.  Бұдан  бөлек,  қалалық  әкімдік  сайтында  смарт
                  жобаларға  қатысты  дербес  бөлім  немесе  ақпараттық  жиынтық  ұсынылмаған.
                  Ашық  деректер  мәселесіне  келсек,  Қазақстанның  data.egov.kz  [126]
                  платформасында Түркістан қаласына тиесілі мәліметтер саны өте аз – небәрі 13
                  дерек  жиыны  ғана  тіркелген.  Салыстырмалы  түрде  Астана  қаласында  –  122,
                  Алматыда  –  114,  Шымкентте  –  85  ашық  дерек  жиыны  бар.  Бұл  деректер
                  Түркістан қаласында қоғамдық ақпаратқа қолжетімділік деңгейінің төмен екенін
                  және  цифрлық  ашықтық  мәдениетінің  дамымағанын  дәлелдейді.  Ашық
                  деректерді пайдалану – кәсіпкерлік, инновациялық шешімдер және зерттеушілік
                  қызмет үшін өте маңызды. Бірақ қолжетімді дерек көздерінің шектеулі болуы
                  бұл мүмкіндіктерді шектеп отыр.
                        Сонымен  қатар,  Түркістанда  цифрлық  қоғамдық  тыңдаулар,  онлайн-
                  петициялар,  қала  тұрғындарының  пікірін  ескеретін  цифрлық  кері  байланыс
                  жүйелері, Telegram-боттар немесе push-хабарлама жүйелері енгізілмеген. Қала
                  әкімдігінің әлеуметтік желілерде жүргізіп отырған жұмысы да жүйелі сипатқа ие
                  емес,  контент  тұрақты  жаңартылмайды,  ал  тұрғындардың  сұрақтарына
                  уақытылы жауап берілмейді.
                        Бесіншіден,  цифрлық  теңсіздік  және  жүйелерге  қолжетімділік.  Ақылды
                  қаланың  дамуы  барлық  тұрғындардың  цифрлық  жүйелерге  тең  дәрежеде  қол

                                                                91
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96