Page 100 - Академикалы? саясат РУС.
P. 100
Data Justice
(этика, қорғау)
Smart Governance «Тұрақты Smart SDG көрсеткіштері
(ашықтық, қатысу) City (KPI)
мемлекеттік
реттеу»
Multi-level Governance
(үйлестіру, кадрлар)
Сурет 7- Тұрақты Smart City мемлекеттік реттеу жүйесінің құрылымы
Ескерту – Дереккөз негізінде автор құрастырған [131]
Мемлекеттік ретттеу үдерістерінде әртүрлі әкімшілік деңгейлер мен
секторлық акторларды үйлестіру көпдеңгейлі басқару [132] моделіне негізделеді.
Эмпирикалық зерттеулер көрсеткендей, ұлттық → өңірлік → жергілікті басқару
деңгейлері арасындағы вертикальды интеграция және секторлар мен
стейкхолдерлер арасындағы горизонтальды ынтымақтастық шешімдер сапасын
арттырып, ресурстар, білім және жауапкершілік ағынын қамтамасыз етеді.
Әрбір тірек басқару жүйесінде ерекше функционалдық рөл атқарады:
әкімшілік ашықтық, институционалдық келісім, тұрақтылықты өлшеу және
ақпараттық әділеттілік. Аталған элементтердің интеграциясы тәуекелге төзімді,
жүйелі және кешенді басқару қаңқасын қалыптастырады. Бұл құрылым
технологиялық инновациялар мен тұрақты даму мақсаттары арасындағы
теңгерімді қамтамасыз етіп, экономикалық тиімділікпен қатар әлеуметтік
легитимдік пен экологиялық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Жалпы, бұл тіректердің әрқайсысы жоғарыдағы практикалық ұсыныстарға
сай нақты тетіктер арқылы жүзеге асырылады; өзара байланыс олардың жүйелік
сипатын қамтамасыз етеді және технологиялық жетістіктерді ТДМ-мен
сабақтастырады.
Осы орайда, Түркістан қаласы соңғы жылдары қарқынды урбанизациялану,
инфрақұрылымдық даму және мәдени-туристік орталық ретінде қайта жандану
кезеңін бастан кешіруде. Бұл үдерістер цифрлық басқару жүйелерін енгізу мен
жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі кезеңде цифрлық технологиялар арқылы
мемлекеттік реттеу үдерісін жетілдіру Түркістан үшін стратегиялық маңызға ие.
Осыған орай, төмендегідей негізгі бағыттар бойынша реформалау қажет:
1. Институционалдық үйлестіруді күшейту.
Смарт-қаланы дамытуға жауапты құрылымның нақты айқындалмағаны —
жобалардың үйлестірілмеуіне, бастамалардың шашыраңқылығына алып келуде.
Осыған байланысты Түркістан қаласы әкімдігі жанынан «Smart Turkistan Office»
100

