Page 94 - Академикалы? саясат РУС.
P. 94

3  ТҮРКІСТАНДА  ТҰРАҚТЫ  ДАМУ  ЖАҒДАЙЫНДА  АҚЫЛДЫ
                  ҚАЛАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

                        3.1  Ақылды  қалаларды  тұрақты  даму  қағидаттары  негізінде

                  мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөніндегі ғылыми-тәжірибелік ұсынымдар

                        «Ақылды  қала»  (Smart  City)  тұжырымдамасы  заманауи  мемлекеттік
                  басқарудың  трансформациясы  контексінде  қарастырылады  және  негізінен
                  «ақылды басқару» (smart governance) қағидаттарына сүйенеді. Smart governance
                  — бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында
                  цифрлық  технологияларды  кешенді  пайдалану  арқылы  азаматқа  бағдарланған
                  басқару  моделін  қалыптастыруды  көздейтін  тұжырымдама.  Бұл  тәсіл  шешім
                  қабылдау  үдерісіне  қоғамның  белсенді  қатысуын,  мемлекеттік  органдардың
                  ашықтығы  мен  есептілігін  қамтамасыз  етуді  басты  басымдық  ретінде
                  қарастырады.
                        Осы  эмпирикалық  байқаулар  мемлекеттік  реттеу  жүйесін  жетілдірудің
                  қажеттілігін  айқын  көрсетеді.  Бұл  жетілдіру  тек  нормативтік-құқықтық  және
                  институционалдық  негіздерде  ғана  емес,  сонымен  қатар  қаржылық-
                  экономикалық және әлеуметтік құралдар арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Түпкі
                  мақсат – жекелеген табыстарды Тұрақты даму мақсаттарына (SDG) сай келетін,
                  тұрақты, инклюзивті және тұтас smart-қала моделіне трансформациялау.
                        Зерттеушілер        smart      governance       тұжырымдамасының              мазмұнын
                  айқындайтын бірнеше өлшемдерді бөліп көрсетеді. Оларға мыналар жатады:

                        -  мәліметтерді біріктіру және өзара алмасу;
                        -  инновацияларды енгізу;

                        -  дәлелді деректерге сүйену;
                        -  азаматтық бағдар;
                        -  ашықтық пен теңдік;
                        -  тұрақтылық пен тиімділік;
                        -  басқару жүйесінің тәуекелдерге төзімділігі [127].
                           Smart  governance-тің  теориялық  негізі  ретінде  технократиялық
                  (жоғарыдан  төменге  бағытталған)  тәсілден  азаматтармен  бірлескен  шешім
                  қабылдауға  және  инклюзивті  процестерге  көшу  ерекшеленеді.  Бұл  тәсіл  БҰҰ
                  Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ, SDG) 16-мақсатымен – тиімді, есеп беретін
                  және  инклюзивті  институттарды  барлық  деңгейде  дамыту  талабы  –  тікелей
                  үндеседі.
                        Осы  бағыттағы  маңызды  теориялық  ұстанымдардың  бірі  –  көпдеңгейлі
                  басқару  (multi-level  governance)  тұжырымдамасы.  Бұл  модель  «ақылды  қала»
                  тұжырымдамасын ұлттық, өңірлік және жергілікті басқару деңгейлерінің күш-
                  жігерін үйлестіруді талап ететін көпдеңгейлі мемлекеттік басқару жүйесінің бір
                  бөлігі  ретінде  қарастырады.  Теориялық  тұрғыда  көпдеңгейлі  басқару  түрлі
                  деңгейдегі билік құрылымдары мен мүдделі тараптардың (мемлекеттік органдар,
                  бизнес  қауымдастығы,  азаматтық  қоғам)  арасындағы  өзара  әрекеттестікке
                  негізделеді және бірлескен саяси шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асырудың тетігі
                  ретінде танылады.

                                                                94
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99