Page 95 - Академикалы? саясат РУС.
P. 95
Smart City аясында сарапшылар бастамалардың тиімділігі мен табыстылығы
көпдеңгейлі басқару құрылымдарын енгізумен және стейкхолдерлердің кең
қатысуымен тығыз байланысты екенін атап өтеді. Бұл бағытта жобалық
кеңселер, байқау кеңестері және жұмыс топтары сияқты мамандандырылған
органдарды құру маңызды. Сонымен қатар, smart-жобаларды әзірлеу және іске
асыру үдерісінде мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы ашық және
интерактивті өзара іс-қимыл формаларын қалыптастыру қажеттілігі туындайды
[128]. Мұндай инклюзивті тәсіл барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін
ескеруге мүмкіндік береді және БҰҰ-ның «ешкімді назардан тыс қалдырмау»
(Leave No One Behind) қағидатын практикалық деңгейде іске асыруға жағдай
жасайды.
Қазіргі заманғы реттеуші тәсілдердің тағы бір маңызды элементі — бұл
мемлекеттік саясатты Тұрақты даму мақсаттарымен (SDG) үйлестіру. Басқаша
айтқанда, smart city тұжырымдамасын енгізу тек техникалық жаңғырту емес,
сонымен бірге жаһандық даму стратегиясына жауап беретін құрал ретінде
қарастырылады. Мысалы, SDG 9 (индустрия, инновация және инфрақұрылым),
SDG 11 (тұрақты қалалар мен елді мекендер), SDG 13 (климаттың өзгеруіне
қарсы іс-қимыл), сондай-ақ SDG 16 (бейбітшілік, әділеттілік және тиімді
институттар) мақсаттары «ақылды қалалар» бастамаларымен тікелей
байланысты.
Аталған байланыстар халықаралық бастамаларда да көрініс табады.
Мәселен, U4SSC (United for Smart Sustainable Cities) бастамасы қалалардың
ТДМ-на қосқан үлесін бағалау үшін арнайы тиімділік көрсеткіштері жүйесін
(KPI) әзірледі (u4ssc.itu.int). Бұл KPI жүйесі қалалық әкімдіктерге өздерінің
smart-жобаларының нәтижелілігі мен тұрақтылығын бағалауға, сондай-ақ саясат
пен даму стратегияларын жаһандық мақсаттармен үйлестіруге мүмкіндік береді.
Осылайша, Smart City тұжырымдамасын мемлекеттік реттеудің
әдіснамалық негізі – Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ, SDG) негізделген
мақсат қою болып табылады. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік сипаттағы кез
келген бастама қала тұрақтылығына, климаттық бейімделу қабілетіне,
инклюзивтілікке және тұрғындар өмірінің сапасына ықпал ету тұрғысынан
бағалануы және жобалануы тиіс.
Қоса айтқанда, теориялық негіздеме тұрғысынан data justice – мәліметтер
әділеттілігі және деректермен этикалық жұмыс жүргізу қағидаты ерекше мәнге
ие. «Ақылды қалалар» тұрғындардың күнделікті іс-әрекетінен бастап көлік
ағындары мен энергия тұтынуына дейінгі түрлі аспектілер бойынша орасан зор
көлемде деректер өндіреді. Бұл деректер қалалық жоспарлауда жаңа
мүмкіндіктер ұсынғанымен, сонымен қатар дербестік, мәліметтер қауіпсіздігі
және цифрлық теңдік мәселелерін де өзектендіреді.
Тиісті құқықтық және институционалдық реттеу болмаған жағдайда, Smart
City шамадан тыс бақылау құралына айналу қаупі бар. Зерттеушілер
алгоритмдер мен бақылау жүйелерінің ашық болмауы қоғамның сенімін
әлсіретіп, «жаппай қадағалау дәуіріне» жол ашуы мүмкін екенін ескертеді [129].
Сонымен қатар, смарт-қызметтерге негізделген алгоритмдер бейтараптықтан
таса болып, кемсітушілікке алып келетін қисындарға негізделуі мүмкін. Мысалы,
95

