Page 92 - Академикалы? саясат РУС.
P. 92
жеткізе алуымен тығыз байланысты. Цифрлық теңсіздік – бұл смарт
инфрақұрылым мен цифрлық қызметтерді пайдалану мүмкіндігінің халықтың
белгілі бір топтары үшін шектеулі болуы. Бұл шектеулер көбіне интернет
инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен, цифрлық сауаттылықтың төмендігімен
және смарт-құралдардың қолжетімсіздігімен байланысты.
Цифрлық теңсіздік әсіресе әлеуметтік әлсіз топтарда – зейнеткерлер,
ауылдан қоныс аударған тұрғындар, көпбалалы отбасылар мен жастар арасында
айқын байқалады. Смарт-қала бастамаларында бұл топтар жиі ескерілмей қалып
жатады, ал бұл өз кезегінде цифрлық алшақтықты тереңдете түседі. Сонымен
қатар, Түркістан қаласының кейбір шағын аудандарында интернеттің
жылдамдығы мен тұрақтылығы өте төмен. Цифрлық теңсіздік тек
технологиялық мәселе емес, сонымен бірге әлеуметтік әділеттілік пен
мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету тетігі ретінде қарастырылуы тиіс.
Цифрлық теңсіздікті жою үшін Түркістан қаласында:
интернет инфрақұрылымын кеңейту;
әлеуметтік топтарға бағытталған цифрлық сауаттылық бағдарламаларын
енгізу;
мобильді смарт-қызметтерді дамыту;
халықтың барлық топтары үшін қолжетімділік кепілдігін қамтамасыз
ететін құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар қабылдау қажет.,
тұрғындармен тұрақты диалог орнату және шешім қабылдау процестеріне
азаматтарды тікелей тарту қажет. Сонымен бірге, әрбір цифрлық жобаның
әлеуметтік тиімділігін бағалай отырып, халыққа түсінікті, ашық және есеп
беретін механизмдерді енгізу маңызды., ашық деректер қорын кеңейту,
тұрғындармен интерактивті байланыс орнату және цифрлық платформаларды
жетілдіру — смарт-қаланы дамытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Смарт-қаланы дамытуда мемлекеттік құрылымдар мен тұрғындар
арасындағы сенімді қарым-қатынас – табысты басқарудың негізгі
алғышарттарының бірі. Сенім деңгейі тұрғындардың жобаларға қатысуы мен
қолдауына, сондай-ақ цифрлық бастамалардың қабылдану тиімділігіне тікелей
әсер етеді.
Тұрғындардың сеніміне теріс әсер ететін негізгі факторлар мыналар:
смарт жобалар туралы ақпараттың жетіспеушілігі;
олардың өмір сүру сапасына тікелей әсерін байқамауы;
цифрлық бастамаларға қатысу үшін құралдардың жетіспеуі;
мемлекеттік органдар тарапынан кері байланыстың болмауы;
жобаларды іске асырудағы ашықтықтың төмендігі.
Сенімнің төмен болуы Түркістан қаласында цифрлық жобаларды енгізу
барысында тұрғындардың кері байланыс бермеуіне, олардың ұсыныстарының
ескерілмеуіне және жалпы цифрлық мәдениеттің қалыптаспауына әкеледі. Бұл –
Smart City тұжырымдамасын әлеуметтік тұрғыдан қолдаусыз қалдыру қаупін
тудырады. Осыған орай, сенім деңгейін арттыру үшін Түркістан қаласында
цифрлық бастамалардың ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғындармен тұрақты
диалог орнату және шешім қабылдау процестеріне азаматтарды тікелей тарту
қажет. Сонымен бірге, әрбір цифрлық жобаның әлеуметтік тиімділігін бағалай
92

