Page 101 - Академикалы? саясат РУС.
P. 101

немесе  «Цифрлық  даму  басқармасы»  сынды  тұрақты,  құзыретті  орган  құру
                  қажет.  Бұл  орган  жобаларды  үйлестіру,  бақылау  және  тиімділігін  бағалау
                  функцияларын атқара алады.
                        2. Ашық деректер мен цифрлық есептілікті дамыту.
                        Қаланың  ресми  порталы  мен  data.egov.kz  ұлттық  ашық  деректер
                  платформасында  жарияланатын  мәліметтердің  саны  мен  сапасы  ақылды  қала
                  стандарттарына  сәйкес  келмейді.  Бұл  қорытынды  2019–2023  жылдар
                  аралығындағы жарияланған деректердің құрылымын, жаңартылу жиілігін және
                  қолжетімділік деңгейін салыстырмалы талдау негізінде жасалды.
                        Мәселен,  қалалық  инфрақұрылымға,  көлік  қозғалысы,  экологиялық
                  көрсеткіштер,  тұрғын  үй-коммуналдық  қызметтер,  әлеуметтік  нысандар
                  (мектептер,  ауруханалар,  балабақшалар)  туралы  деректердің  көпшілігі
                  өзектілігін  жоғалтқан,  ал  кейбір  маңызды  мәліметтер  мүлде  жарияланбаған.
                  Сондай-ақ,  көптеген  деректер  машина  оқи  алатын  форматта  (CSV,  JSON)
                  ұсынылмаған,  бұл  олардың  цифрлық  қайта  қолданылуын  және  аналитикалық
                  платформаларға біріктіруін шектейді.
                        Мұндай ахуал ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету, тұрғындар
                  мен бизнес үшін ашықтықты арттыру, сондай-ақ деректерге негізделген басқару
                  шешімдерін қабылдау тұрғысынан елеулі кедергі болып табылады. Сондықтан
                  ашық  деректердің  құрылымын  жетілдіру,  жаңарту  жиілігін  арттыру  және
                  деректер  форматтарын  стандарттау  –  Smart  City  жүйесін  тиімді  дамыту  үшін
                  қажетті міндеттердің бірі болып табылады.
                        Түркістан қаласы туралы қоғамдық маңызы бар ақпараттар – бюджет, көлік

                  жүйесі, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша ашық форматта және үнемі
                  жаңартылып отырылуы тиіс. Бұл тұрғындардың сенімін арттырып, бизнес және

                  сараптамалық қауымдастық үшін пайдалы ресурс болады.
                        3. Қоғаммен кері байланысты арттыру.
                        Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, тұрғындардың 59,2%-ы жергілікті билікке
                  сенімсіздік  танытатынын  немесе  бейтарап  көзқарас  ұстанатынын  білдірген.
                  Мұндай  жағдай  қоғамдық  диалог  пен  ашықтықтың  жеткіліксіздігін  білдіреді.
                  Осыған  орай  e-petition  модулі,  онлайн-тыңдаулар,  Telegram-бот  сауалнама
                  жүйелері  енгізілуі  қажет.  Бұл  тұрғындардың  цифрлық  қатысуын  арттырып,
                  қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді.
                        4.  Ақылды  қала  жүйелерін  тиімді  енгізу  мен  дамыту  үшін  деректермен
                  жұмыс істей алатын, цифрлық технологиялар мен смарт-жүйелерді жобалайтын
                  білікті  мамандар  шешуші  рөл  атқарады.  Алайда  қазіргі  таңда  Түркістан
                  қаласында  цифрлық  құзыреттілігі  жоғары  кадрлардың  жеткіліксіздігі  айқын
                  байқалуда.
                        Бұл мәселенің өзектілігі бірнеше деректермен расталады:
                        – Білім беру және кадрлық мониторинг көрсеткіштері бойынша, Түркістан
                  қаласында  ақпараттық  технологиялар,  урбанистика,  геоақпараттық  жүйелер,
                  мәліметтер  талдауы  және  цифрлық  басқару  салаларында  жоғары  білікті
                  жергілікті  мамандардың  үлесі  төмен.  Мысалы,  облыстық  деңгейдегі  кадрлар
                  даярлау құрылымдарында осы бағыттар бойынша бакалавриат пен магистратура
                  бағдарламаларының үлесі 10%-дан аспайды;

                                                                101
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106