Page 90 - Академикалы? саясат РУС.
P. 90

Сонымен қатар, Түркістандағы жоғары оқу орындары мен әкімдік арасындағы
                  байланыс  деңгейі  де  жеткіліксіз.  Мысалы,  Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық
                  қазақ-түрік  университетінде  цифрлық  бағыттағы  мамандықтар  болғанымен,
                  олардың  студенттері  мен  түлектері  әкімдік  жобаларына  жүйелі  түрде
                  тартылмайды. Бұл ғылыми әлеуеттің пайдаланылмай жатқанын көрсетеді.
                        Жалпы алғанда, Түркістан қаласында институционалдық басқару жүйесін
                  жетілдіру, смарт жобаларды үйлестіретін арнайы бөлімше құру және цифрлық
                  құзыреттілікке ие мамандар даярлау – Smart City стратегиясын табысты жүзеге
                  асырудың негізгі алғышарты болып табылады.
                        Үшіншіден,  қаржыландыру  және  инвестиция  тартудың  жеткіліксіздігі.
                  Смарт-қаланы дамыту – бұл тек цифрлық инфрақұрылымды енгізу ғана емес,
                  сонымен қатар жоғары қаржылық шығындар мен ұзақмерзімді инвестициялық
                  жоспарларды  қажет  ететін  күрделі  процесс.  Әлемдік  тәжірибеде    смарт-
                  қалаларды  табысты  қалыптастыру  көбіне мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік
                  (МЖӘ), венчурлік            қаржы, гранттық           бағдарламалар және инновациялық
                  инвестициялық  платформалар арқылы  жүзеге  асырылады.  Алайда  Түркістан
                  қаласында  бұл  бағытта  бірқатар  маңызды  шектеулер  байқалады.  Ең  алдымен,
                  смарт-қалалық  бастамаларға  арналған дербес  қаржыландыру  қоры  немесе
                  арнайы  бюджеттік  бағдарлама жоқ.  Қалалық  деңгейдегі  цифрлық  жобалар
                  көбіне республикалық бағдарламалар немесе халықаралық ұйымдар тарапынан
                  қаржыландырылмайды.  Ақылды  қалаларды  дамыту  көрсеткіштері  әртүрлі
                  факторларға негізделеді, оның ішінде қаржыландыру мен инвестициялық қолдау
                  шешуші рөл атқарады. Smart Cities Index Kazakhstan (2023) есебінің нәтижелері

                  Қазақстанның  төрт  ірі  қаласындағы  цифрлық  даму  мен  инфрақұрылымдық
                  жаңғырту деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді. 26-кестеде әр қаланың жалпы

                  смарт  индексі  мен  қаржыландыру/инвестиция  көрсеткіші  берілген.  Бұл
                  мәліметтер  қалалардың  смарт  бастамаларды  жүзеге  асыру  әлеуеті  мен
                  мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті тарту мүмкіндігін бағалауға негіз болады.
                        Смарт  жүйелерге  бюджет  бөлінуі  жүйелі  емес,  ал  жекеменшік  сектор
                  тарапынан қызығушылық төмен.
                        МЖӘ жобаларының жетіспеуі. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ)
                  механизмдері  цифрлық  экожүйе  саласында  тиімді  құрал  ретінде  танылса  да,
                  Түркістанда  бұл  салада IT  немесе  Smart  City  бағытындағы  жоба  тіркелмеген.
                  МЖӘ  жобалары  көбіне  құрылыс  немесе  коммуналдық  салаға  бағытталған.
                  Смарт-технологияларға негізделген МЖӘ жобаларын жүзеге асыру тәжірибесі
                  жоқ.
                        Халықаралық  донорлармен  және  инвесторлармен  байланыстың  болмауы.
                  Түркістанда  халықаралық  ұйымдардың  (мысалы,  UNDP,  Asian  Development
                  Bank,  Smart  Sustainable  Cities  бағдарламаcы  –  ITU)  қолдауымен  жүзеге
                  асырылатын  бірде-бір  жоба  тіркелмеген.  Бұл  – ғаламдық  smart-жобалар
                  желісінен  тыс  қалудың көрсеткіші.  Ал  Алматы  мен  Астана  қалалары  осы
                  ұйымдардың техникалық және қаржылық қолдауын белсенді пайдаланып отыр.
                        Ашық  бюджет  практикасының  болмауы.  Ақша  қаражаттарының  қандай
                  жобаларға,  қандай  көлемде  жұмсалып  жатқаны  туралы ашық  ақпарат  жоқ.
                  Түркістан  қаласының  жергілікті  бюджеті  мен  әкімдік  сайтында цифрлық

                                                                90
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95