Page 89 - Академикалы? саясат РУС.
P. 89

 KPI-жүйесін  нақтылап  енгізу  (ақылды  көлік,  e-қызметтер,  энергия
                  тиімділігі т.б.);
                         басқару кеңесіне бизнес пен университеттерді кеңінен тарту;
                         халықаралық гранттар мен инвестициялық платформаларға қатысу;
                         қоғамдық мониторинг платформасын ашық ету (жобалардың сатысы мен
                  әсерін халық бақылау үшін).
                      Ақылды  қалаларды  дамыту  кешенді  жоспарлау  мен  нақты  механизмдерді
                  талап етеді. Бұл процесте:
                          стратегиялық жоспарлау – ұзақмерзімді мақсаттар мен индикаторларды
                  айқындайды;
                          операциондық  (тактикалық)  жоспарлау  –  нақты  жобаларды  іске  асыру
                  жолдарын белгілейді;
                          қаржыландыру  мен  басқарушылық  шешімдер  –  жобаларды  өмірге
                  енгізудің негізі болып табылады.
                        Екіншіден,  институционалдық  басқару  және  кадр  мәселесі.  Ақылды
                  қалаларды         басқару       тиімділігі       институционалдық           құрылымдардың
                  үйлесімділігіне  және  кадрлық  әлеуеттің  сапасына  тікелей  байланысты.
                  Зерттеулерге сәйкес Smart City жобаларының табысты жүзеге асуы – жергілікті
                  басқару  органдарының  стратегиялық  үйлестіру  қабілеті  мен  цифрлық
                  құзыреттілігіне тәуелді [124].
                        Түркістан  қаласы  әкімдігінің  құрылымында  смарт-жобаларға  жауапты
                  дербес бөлімше қарастырылмаған. Қазіргі таңда смарт бастамалар тұрғын үй-
                  коммуналдық шаруашылық, құрылыс және ақпараттық технологиялар бөлімдері

                  арасында бөлініп кеткен. Бұл жобаларды басқару, жоспарлау және іске асыру
                  кезінде жауапкершілік пен үйлестірудің бұлыңғыр болуына әкеледі. Салыстыру

                  үшін, Астана қаласында – Astana Innovations, Алматы қаласында – Smart Almaty
                  Office сынды арнайы цифрлық құрылымдар жұмыс істейді. Олар қалалық смарт-
                  жобаларды  әзірлеу,  инвестиция  тарту  және  мониторинг  жүргізу  бойынша
                  үйлестіруші орган қызметін атқарады (22-кесте).

                  Кесте  22 –Қазақстан  қалаларындағы  Smart  City  үйлестіру  құрылымдары  және
                  цифрлық трансформация бөлімдерінің болуы

                      Қала      Smart City үйлестіру құрылымы  Цифрлық трансформация бөлімі бар ма?
                     Астана            Astana Innovations                              Иә
                    Алматы            Smart Almaty Office                              Иә
                   Түркістан                  Жоқ                                     Жоқ
                         Ескерту – Дереккөз негізінде автор құрастырған [124, б. 85]

                        Кадр  мәселесі  де  –  өткір  проблема.  ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері
                  агенттігінің  2022  жылғы  мәліметіне  сәйкес,  өңірлердегі  мемлекеттік
                  қызметшілердің шамамен 42%-ы цифрлық дағдылар бойынша жеткілікті білімге
                  ие  емес.  Түркістан  облысында  бұл  көрсеткіш  44,7%-ды  құрайды.  Цифрлық
                  жобаларды  басқаруға  тартылған  кадрлар  көбіне  ІТ-жоспарлау,  мәліметтермен
                  жұмыс істеу, краудсорсинг, онлайн-талдау секілді негізгі дағдылардан мақұрым.


                                                                89
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94