Page 86 - Академикалы? саясат РУС.
P. 86
19-кестенің жалғасы
1 2 3 4
Цифрлық e-Municipality және Электронды E-qala, Smart Turkistan
мемлекеттік Konya Trafik мобильді әкімдік, e-health платформасы арқылы
қызметтер қосымшасы жұмыс жүйесі енгізілді. 30-дан аса қызмет
істейді. онлайн қолжетімді.
Туризмді AR/VR технологиясы Ақылды гидтер Қожа Ахмет Ясауи
цифрландыру арқылы туристік және QR жүйелер кешенінде QR код және
бағыттар енгізілген. интерактивті стендтер
цифрландырылған. бар.
Ескерту – Дереккөздер негізінде автор құрастырған [121, б 12; 122, б. 28; 123, б. 32]
Кестеде көрсетілгендей, Конья қаласы «ақылды қала» жобасын жүзеге
асыруда орталық пен жергілікті үкіметтің үйлесімді әрекет етуінің үлгісі болып
табылады. Мемлекеттік реттеу нақты бағдарламалар мен технологиялық
серіктестік арқылы жүргізіледі. Самарқанд қаласы үкіметтік цифрландыру
стратегиясына сүйеніп, халықаралық серіктестік арқылы инфрақұрылымдық
өзгерістер енгізіп отыр. Ал Түркістан қаласы жаңадан даму жолына түсіп,
мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында инфрақұрылымды
цифрландыруда. Әсіресе, тарихи-мәдени туризмге бағытталған смарт-жобалар
(мысалы, AR-QR кодтар) - өңірдің өзіндік ерекшелігі.
Бұл мысалдар Қазақстан үшін оңтайлы реттеуші тәжірибелерді бейімдеп,
ұлттық және өңірлік стратегияларды нақты цифрлық шешімдермен ұштастыру
қажеттігін көрсетеді.
Ақылды қалаларды дамыту - заманауи урбанистика мен цифрлық
трансформацияның өзегі болып табылады. Бұл үдерісті табысты іске асыру үшін
мемлекеттік реттеудің, әсіресе нормативтік-құқықтық базаның болуы аса
маңызды. Конья (Түркия), Самарқанд (Өзбекстан) және Түркістан (Қазақстан)
қалаларында бұл бағытта әртүрлі заңнамалық және стратегиялық тетіктер
қолданылады (20-кесте).
Кесте 20 – Мемлекеттік және нормативтік-құқықтық реттеу салыстырмасы
Көрсеткіш Конья (Түркия) Самарқанд Түркістан (Қазақстан)
(Өзбекстан)
1 2 3 4
Нормативтік 2021 ж. қабылданған «Цифрлы «Цифрлы Қазақстан»
база «Ұлттық смарт-қала Өзбекстан – бағдарламасы (2018–
стратегиясы»; 2030» 2022); ҚР
Мемлекеттік деңгейде стратегиясы, «Ақпараттандыру
«Ақылды қалалар Президенттің туралы» Заңы (2015);
туралы заң» жобасы 2020 ж. №6079 Түркістан облысының
дайындалуда. Жарлығы. Цифрлық даму
тұжырымдамасы (2021).
86

